ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «КӘСІПОРЫНДАР АЙМАҚТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ҚАЛЫП ҚОЙМАУЫ КЕРЕК»

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «КӘСІПОРЫНДАР АЙМАҚТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ҚАЛЫП ҚОЙМАУЫ КЕРЕК»

Жуырда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш және Келес аудандарының әкімдері Қытай Халық Республикасының бірнеше қаласын, индустриалды аймақтары мен өндіріс орындарын аралап келген болатын. Мақсат – тәжірибе алмасу, зауыттар мен фабрикалар ашу және инвестиция тарту. Аталған іссапар қорытындысы бойынша жиналыс өтіп, жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдерінің есептері тыңдалды.  Өңір басшысы осы іссапар нәтижесімен нақты жобаларды жүзеге асырып, жұмыс орындарын көбейту керектігін жеткізді.

– Аудан, қала әкімдері, басқармалар бюджет қаржысын игерумен ғана емес, тың жобалар, инвестиция тарту мәселесімен жүйелі шұғылданулары қажет. Жаңа кәсіпорындар ашу маңызды. Біз жобаларды сараптап, қолдау көрсетуге дайынбыз. Кәсіпорындар аймақтық деңгейде қалып қоймай, өнімдерін экспортқа шығаратындай деңгейге жетуі керек. Көрші елдің әлеуетін көрдіңіздер, тәжірибесін пайдаланыңыздар. Қытайдың өндіріс орындарын аралауға баратын аудан, қала басшылары қазірден бастап өздеріңізге оңтайлы жобаларды жоспарлап, келіссөздерге дайындалыңыздар. Іссапарлардан нәтиже шығатын болсын, – деді Дархан Сатыбалды.

Қытайға Түркістан облысы делегациясын бастап барған Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының  басшысы Нұржігіт Мырзахметовтың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, іссапар барысында Қытайдың 40-қа жуық компаниясымен кездесулер өткізілді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу, ауыл шаруашылығы техникасын жинау, тоқыма саласы, шағын бизнеске арналған жабдықтардың өндірісі сияқты салалардағы компаниялармен келіссөздер жасалған. Екі елдің өкілдері арасында B2B (бизнес пен бизнес) форматында бірқатар кездесулері өткен. Делегация Джэнжоу қаласында жергілікті тауар өндірушілердің көрмесіне қатысты, онда Хэнань провинциясындағы 300-ден астам өндірістік кәсіпорынның өнімдері қойылған. Көрме барысында Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.

Іссапар барысында мақта шаруашылығы, тамшылатып суғару, мал сүйегі мен терісін терең өңдеу, тоқыма өнеркәсібі, жиһаз жазау және өзге де салалар бойынша келісімдер қаралған.

Жиында Шардара ауданында жиһаз өнімдерін өндірумен айналысатын «Шебер» мүгедектер қоғамының директоры Бақтыкерей Омар Фошан қаласына барып 8 компаниямен келіссөздер жүргізгенін, жиһаз өнімдерін сатып алуға келісім жасалғанын айтты. Роботтандырылған жабдықтарды жеткізу туралы келісімге келгенін мәлімдеп, облыс әкімі үйлестірген іссапар жемісі болғанына ризашылығын білдірді.  Келісімшарттардың жалпы сомасы 380 мың АҚШ долларын құрайды. «Golden Camel» компаниясының өкілі Жазира Озатқызының да жоспарлары тыңдалды.

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов мақта шаруашылығы бойынша жаңа технологияларды енгізуге келісім жүргізілгенін жеткізсе, басқа аудан әкімдері де іссапар қорытындысымен кәсіпорындар саны артады деген пікірлерін білдірді.

Маңызды басқосуда мақта шаруашылығы, жібек құртын өсіру жобалары бойынша да мағлұматтар ұсынылды. Облыс әкімі тұт ағашын өсіру, жібек шаруашылығын дамыту бойынша бағдарлама әзірлеу жөнінде тапсырма берді. Бұл салаға инвестиция тартуға мүмкіндік мол әрі жаңа жұмыс орындары көбейеді.

Жалпы, алдағы уақытта Қытай инвесторларымен келіссөздер жалғасып, өңірде жаңа кәсіпорындар ашылады деп күтіліп отыр.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
25.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 45
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 196
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 190
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 521
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 474

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9178
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8577
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11805
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9574
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10784