Дәстүрлі спартакиада

Дәстүрлі спартакиада

Оралда жыл сайын дәстүрлі түрде балалар аула клубтары мен комьюнити орталықтар арасында спартакиада ойындары ұйымдастырылады.

Спартакиаданың биылғы маусымы «Балалар жылымен» орайлас келді. Сонымен қатар «Жастар есіркіге қарсы!» атты акция аясында өткізілді. Осыған байланысты Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2021-2022 оқу жылында ұйымдастырған спорттық іс-шарасы жуырда өз мәресіне жетті. Спартакиада қорытындысы жарияланған салтанатты жиынға Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов спартакиада қатысушыларына алғысын білдіріп, командаларды марапаттады.

Мұндай спорттық шаралар салауатты өмір салтын қалыптастырып, жас ұрпақтың денсаулығын нығайтуға ықпал етеді.  Қаланың әр шағынауданынан жиналған жас өрендер тартысты додада өз аула клубтарының намысын қорғады. Нәтижесінде «Достық» аула клубы бірінші орынға ие болса, «Жас шебер» аула клубы екінші, «Жұлдыз» комьюнити орталығы үшінші орыннан көрінді.

Тағы бір айта кетерлігі, дәстүрлі спартакиада жаңа оқу жылында өз жалғасын табатын болады.

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
06.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 135
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 143
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 422
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 819

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18327
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18190
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33377
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31928
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35685