Біз өмір сүріп жатқан әлемде ақпарат массиві күн сайын артып келеді. Үлкен көлемді деректермен жұмыс жасау процесі де дамуда. Жалпы журналистикада үлкен көлемді деректермен жұмыс жасау – дата журналистикасы деп аталады. Бұл журналистиканың жаңа түрі немесе өзге бір сала емес. Бұл – деректерге негізделген журналистика. Өз тарихында деректер журналистикасы үш кезеңге бөлінеді. Алғашқы кезең компьтердің жаңадан қолданысқа ену кезеңі. Екінші кезең шамамен 2001 жылдарда «үлкен көлемді деректер» терминінің пайда болуымен байланысты. Ал үшінші кезең 2010 жылы Амстердам қаласындағы «Дерекке негізделген журналистика» атты алғашқы конференцияның өтуімен белгіленген. Аталған конференциядан кейін «дата журналистика» термині толықтай қалыптасып, ғылыми және академиялық журналдар бетінде қолданыла бастады.
Дата журналистикасы тарихындағы алғашқы зерттеу материал The Guardian газетінде жарияланды. Журналистика тәжірибесінде деректердің қолданысын алған ұсынған мақала Ұлыбритания университетінің білім құндылығы туралы болды. Артынша Флоренс Найтингейлдің «Британдық армия шығыны», Филип Мейердің «Детройд қаласындағы тәртіпсіздік», Билл Дедменнің «Ақша түсі» мақалалары, CBSтелеарнасының президент сайлауындағы жұмысы және тағы сол сияқты жарқын материалдар негізінде таныла түсті.
Қазіргі замандағы дата журналистикасы 2001 жылдан бастау алады. Жаңа ғасырда Саймон Роджерс, Рик Гордан, Стив Дойнг сынды журналистердің зерттеулерімен басталды. Олар деректер журналистикасының маңыздылығын, құндылығын арттыруға және оның дамуына үлкен жұмыстар атқарды. 2011 жылы Саймон Роджерс «Фактілер қасиеті» деп аталатын кітабын жарыққа шығарды. Медилл журналистика мектебінің профессорлары журналистикада жаңа технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдеріне арналған көптеген тәжірибелік зерттеу жұмыстарын дайындады.
21 ғасырдағы дата журналистикасының жетістігі – деректердің қол жетімді болуы. Бүгінде зерттеумен айналысатын журналистер үшін ашық дата базалары өызмет етеді. Дата базалар мемлкеттік органдардың, компаниялардың ресми ақпараты негізінде құралған. Атап айтсақ, Data.gov.kz сайты Қазақстан Республикасының ортақ деректер базасы. Бұнда 3500-ден астап деректер бар. Жүйе ЭЦҚ немесе егов сайтына тіркелу арқылы жұмыс жасайды. Осындай деректерге негізделген, қазір жиі қолданылатын Open Data ашық деректер базасы. Қазіргі таңда 14 сектор бойынша қажетті деректермен қамтамасыз етеді. Қолданылу тілі уақытша орысша, болашақта қазақ, ағылшын тілдері де қолданысқа енеді. Бүгінгі таңда қолданба әлі де зерттеліп, толықтырылып жатыр. Ашық деректер базасының бұл түрінен мемлекеттік сатып алулар, экономикалық шығандар, экологиялық мәселелер және өзге де салаға қатысты деректерді ала аламыз. Пайдаланушы үшін өте ыңғайлы қолданба тіркелуді, ЭЦҚ кілтін талап етпейді. Сондай-ақ сот ісіне қатысты үсімдерді білі үшін sud.kz, статистика үшін stat.gov.kz порталдары бар. Сонымен қатар 2014 жылдан бастап елімізде «Ашық НҚА» порталы да қолданыста.Журналистер үшін ашық дата базаларын жандандыру, толықтыру жақсы нәтиже беріп келеді. Еліміздегі ашық үкімет саясаты ақпарат саласындағы жаңа бастамаларға негіз болып келеді. Ашық деректердің әлеуетін түсіну, дамыту, қолжетімділігін арттыру мемлекеттік шынайылығын, ақпараттық сауаттылығын нығайтады.
Біз кейде деректерге, жаңалықтарға әлсін қарап жатамыз. Астарын, шығу тарихына мән берілмей, ақпарат саласындағы жалғандыққа жол беріп аламыз. Алайда, Covid-19 пандемиясынан кейін сауаттылығымыз тағы бір есе арта түсті. Біз естіп-көрген ақпараттардың ақ-қарасын ажыратуды, ақпараттық сауаттылық мәдениетінің қалыптасуын, әр дерекке күдікпен қарау керек ерекін ұғындық. Осы орайда MediaNet Facktchek.kz ұжымының көрнекі жұмыстарын айтып өту жөн болар. Түрлі ақпараттың рас-өтірігін, манипуляция деңгейін анықтап жүрген әріптестеріміз қазақ журналистикасының әлемдік медианарықта бәсекелес бола алатындығын дәлелдеп келеді. Дамыған заманда ақпаратпен дұрыс жұмыс жасай алатын, маңызды әлеуметтік мәселелерді талдауға қабілетті, өзіндік сүзгі жасап және сын көзбен қарай алатын адам ғана әлемдік деңгейде иық тіресе қызмет ете алады.
Елдің болашағы нақты әрі сапалы болуы қажет. Әр салада тың идеялар қозғалып, әр қашан тығырықтан шығудың амалдары назардан тыс қалмауы қажет. Деректер тек журналистикада ғана емес білім, экономика, медицина, экология және басқа да салалардың бір бөлшегі. Қазір жаһындық күрделі проблемалар туындап жатқаны жасырын емес. Ақпараттық соғыстан сақтану үшін, бұрмаланған тарихты ішкерелеу үшін әр адам ақпараттық сауаттылығын арттырып этикалық нормаларын, ақпаратты тарату мәдениеттілігін арттырса дейміз.