ДАУҒА САЛҒАН ӨЗІҢСІҢ……

ДАУҒА САЛҒАН ӨЗІҢСІҢ……

ДАУҒА САЛҒАН ӨЗІҢСІҢ……

Тамыры тереңде жатқан тарихтан сабақ алу бізге парыз. Сонау Шыңғыс қағанның заманында елдің шетінде үлкен бір дау туындайды. Қаған ол дауды қылыштың жүзімен емес, ақылдың нұрымен шешетін  ізгі адам іздейді.

Даудың жарасын бітістіріп, елдің бетін бері қаратып, тігісін жатқызатын адамды сенімді серіктерінің арасынан қарастырады. Соғыстың өршіп тұрған тұсы болса керек. Сенімді сайыпқырандардың бірі жорықта, бірі жолда, бірі соғыста болыпты. 

Жұмсайтын сенімді адам қат болғасын, таңдау жалайыр Мұқылайдың туған бауырына түсіпті. Мұқылайдың бауыры талай соғыста ерлігімен көзге түскен, көзсіз батыр екен. 

Қабыда бір, сабыда бір, бір емшекті тел емген бауырығой марқасқа Мұқылай ағасының ақылы інісіне жұғысты болған шығар деген ханның үміті болыпты. Себебі бұл даудың қан төгіссіз бейбіт шешілгені Шыңғыс қағанға ауадай қажет екен.

Сенім ақталмайды. Қағанның сенімді серігіне айналған ақылман Мұқылайдың бауыры даудың үстінде, сөз көтере алмай он адамды жер жастандырып, қылышын қанға малыйды.

Дау онан сайын ушығады. Халық Шыңғысханнан бет бұрады. Келген бақты кері тепкен батырдың басын ордаға әкеліп шабуға бұйрық береді ашулы қаған. 

Ханның екі сөйлегені өлгені. Бұйрықты бұлжытпай орындау керек. Ордаға дейін екі күндік жол екен. Сарбаздар тұтқындалған батырды алып жолға шығады.

Бауырының басына қара бұлт төнгенін естіген Мұқылай сонау Қытайдан Алтын ордаға дейінгі апталық жолды қос ат жегіп екі күнде жүріп өтеді. Бауырынан сүт пісірім уақыт бұрын жеткен Мұқылай ханның шатырына баса көктеп кіріп барады.

Кірген бойда:” Уа хан ием, Ұлы Қаған, бауырымның жанына сауға сұраймын. Бауырымның басын бүгін алсаң, ертең  анамның бетіне қалай қараймын. 

Оның кінәсі жоқ  қой. “Жауға салар батырды, дауға салған өзіңсің хан ием”-деп қолындағы қамшысын кеудесіне қусырып, ханның алдында оң тізесін бүкті дейді Мұқылай.

“Жатыры бір жақының еді, ақылыңда жұғысты болды ма деп едім, алжасыппын. Сөз тапқанға қолқа жоқ, жалайыр Мұқылай. Сен рас айтасың кінә өзімнен екен. Аталы сөзге тоқтамаған ханға сын. Сөз ұқпаған жанға мін. Бердім бауырыңның жанына сауға деп Шыңғысхан үкімін шорт кесіпті.

Қазақ:”Батырды екі долы қатынның бірі туады, биді ілеуде бірі туады”-деп бекер айтпаған. Інісі жауға салар батыр болғанда, Мұқылай ағасы дауға салар би еді. Біріншісі істі білекпен шешсе, екіншісі  ақылмен саралап, мейірімді жүрекпен шешетін. Ханның ескермеген тұсы осы болса керек. Батырмен бидің айырмашылығы осында.

Бүгінгі қазақтың бәрі батыр. Даулардың шиеленісіп, шешілмей жатқаны батырлардың көптігінен бе екен? Әлде тігісін жатқызатын билердің жоқтығынан ба екен? Кім білсін?

МАҚСАТ СҚАҚОВ.
20.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 97
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 30
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 38
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 37
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 92
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 97
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 292
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 286
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 907

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8984
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8379
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11604
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9362
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10588