Жалпы ауданда халыққа 32 денсаулық сақтау нысаны қызмет көрсетеді. Шу ауданында коронавирус індетін емдеу және оқшаулау шараларын ұйымдастыру мақсатында жалпы – 180 төсек қоры жасақталған, Эпидемиологиялық жағдайға байланысты COVID-19-бен ауыратын науқастарды емдеу үшін қосымша резерв ретінде 20 инфекциялық, оның ішінде 2 реанимациялық төсек қоры ашылып, жұмылдырылатын болады.
Ауданда арнайы құрылған 5 мониторинг топпен осы жылдың 1 қаңтар-23 тамыз аралығында 229 рейд ұйымдастырылды, 1047 нысан тексеріліп, 96 заң бұзушылық анықталды. 96 тұлғаға 6 млн 534 мың 80 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Медициналық ұйымдарды медициналық техникамен қамтамасыз ету бойынша да біраз жұмыс қолға алыныпты.
Бүгінгі таңда ауданда медициналық ұйымдарда жеке қорғаныш құралдары бойынша жеткілікті қор бар.
Медициналық мекемелердегі жеке қорғану құралдарының қоры таусылғанға дейін орта есеппен 2 айға жеткілікті.
Коронавирусты инфекциясының алдын алуға демеушілерді тарту жұмыстары тұрақты ұйымдастырылуда. Бүгінгі күнге демеушілер тарапынан жалпы сомасы 52,5 млн теңгеге медициналық қажеттіліктер алынды.
Сонымен қатар, Каспий банктің демеушілігімен ауданға 4 жедел жәрдем көлігі алынды. ИВЛ аппараттарының саны – 15.
Вакцинация туралы да айта кетсек.
Осы жылдың 5 наурызынан бастап ерікті түрде COVID-19 инфекциясына қарсы екпемен қамту басталды. Аудан бойынша 18 жастан жоғары 49 226 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялауға жатады деп жоспарланған, қазіргі таңда 56,8 пайыз немесе 27 943 тұрғын екпемен қамтылған.