Депутат Қазыбек Исаның әкімдерге қатысты пікірі

Депутат Қазыбек Исаның әкімдерге қатысты пікірі

    Елдегі тәртіпсіздіктер кезінде халық алдына шықпаған әкімдерге қатысты ойын айтқан Мәжіліс депутаты, журналист Қазыбек Иса: «Нұрлан Ноғаев Маңғыстауда да тұрды, Жаңаөзенге де барды, елден сөз де естіп жатты. Сонда да соңына дейін халықпен бірге болды. Күнде экраннан да шығып, халыққа басу айтты. Әйел болса да, Қызылордада Гүлшара Әбдіхалықова шықты. Басқа көптеген әкімді көрмедік.  Қазіргі уақытта халықтың көпшілігі тәртіпсіздіктер кезінде Алматы қаласының әкімі қайда болды деп, оны жерден ап, жерге сап сынап жатыр. Ол кейінгі кезде ғана ел алдына, экранға шығып жатыр. Оның не жауап бергенін байқай алмадым.  Бізде әкімдер, министрлер қандай адам болу керек? Әкім деген сол өңірдің қолбасшысы саналады. Сол кезде халық шулап, ереуілшісі қайсы, содыры қайсы екенін айыра алмай, адам өліп, елде топалаң болып жатқан кезде әкімнің болмауы, кемеде бүлік шыққан кезде капитанның кемені тастап кетуімен бірдей деп қабылдаймын. Қай жерде шу, ереуіл болсын, сонымен сөйлесе алатын министр не әкімнің оңып тұрғанын көрмейсің. Барғанының өзі сөйлей алмай жатады. Бір облыстың әкімі барып, қазақшасы бітіп, орысша боқтап жіберді. У-шу болды. Сондықтан мен үкіметке халықтың тілін түсінетін, айтар сөзін қағазға қарап шүлдірлемей, қазақша ойлайтын нағыз қайраткерлер керек деймін. Премьерді ғана ауыстырып, қалғанын бір-бірінің орнына ауыстырғаннан билік ештеңе ұтпайды. Әлеуметтік өршу одан басылмайды. Халықтың тілінде сөйлей алатын үкімет керек. Әр істің өз маманы халықтың алдында жауап бере алатын, білікті іскер, саясаткерлігі де бар тұлғалар келуі керек деп ойлаймын. Оған кадр жеткілікті», – деді. Депутат нағыз шындықты айтты. Оның сөзін билік құлағына ілсе деңіз.

Ермек САХАРИЕВ
14.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 70
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 72
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 317
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 318
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 540
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 488

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9192
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8590
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11818
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9587
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10801