Депутат қысылтаяң шақта халқының қасынын табылды

Депутат қысылтаяң шақта халқының қасынын табылды

Тосын мінез танытқан табиғаттың әрекетіне жұмыр басты пенде қандай амал жасасын?! Мұндайда боларының болуын тосып, шүкіршілігін жиі тілінің ұшына үйіретін мұсылман халқы сабырлықтың сыйын жақсы біледі. Күні кеше Жамбыл өңірінде 26-38 метрге жеткен желдің жылдамдығы өзімен бірге қиындығын ала келді. Кейбірімізге материалдық шығын әкелсе, енді біреуінің баспанасын шатырымен бірге көкке ұшырды. Қылышын сермеген қыс айы қыр астында тұрғанда  тұрғындарға түскен ауыртпалықпен қатар сауаптың есігі де айқара ашылды. Бұрқасын желдің ұйытқуы Бесағаш ауылындағы 16 пәтерлі баспананың шатырын көтеріп, жарамсыз етті. Қапы да қалған жұрт үшін бұл әжептеуір соққы болды. Кейбірі туыс-туғанының үйін қоналқа етсе, енді бірі келер күннің жауын-шашынынан күдіктеніп, бойларын қорқыныш сезім бойлай кетті. Міне, бұл – адамның азаматтығы мен жомарттығы сыналатын шақ еді. Халықтың хәліне алаңдап, оның бір кәдесіне кірпіш болып қалана кетуге әзер тұратын халық қалаулылары осындайда қауымның қасынан табылып жатқанын естіп, қуанасың. Солардың бірі – Дәурен Ахметжаев. Аудандық мәслихаттың депутаты Бесағаш өңіріндегі оқиғаны естіген бойда, шығын көлемін есептеп, 42-ге жуық тұрғыны бар баспананың шатырын ауыстыру жұмыстарына білек сыбана кірісті. Іргесі 1960 жылы қаланған пәтердің шатыры осы күнге дейін жаңаланбағанын ескерген Дәурен Хайроллаұлы толықтай ауыстыру үшін қажетті құрылыс заттарына тапсырыс берді. Бүгінде құрылысшылар жұмыстың бел ортасынан өтіп, 3-4 күнде аяқтауды жоспарлап отырса керек. 

Өзін пәтер тұрғынымын деп таныстырған Гүлсина Имамова қысылтаяң шақта қол ұшын беріп, таразыда салмағы ауыр амалды атқарып жатқан халықтың қалаулысына аналық алғысын айтты.

 – Алла адамзат баласын бір-біріне себепші етіп жаратқан. Күллі әлемнің тұрақтылығы жақсылық пен қайырымдылықтың арнасынан нәр алады. Кешегі бұрқасын желдің салдарын көріп, қатты алаңдаған едік. Төбемізді жел ұшырып, ағаштары жарамсыз болып шықты. Ал күздің тосын мінезін қашан көрсететінінен ешкім хабарсыз еді. Осындай кезде халық қалаулысы дүйім жұрттың тілегін орындап, игі іс жасауға кіріскенін естіп, қуанды екенсің. Бүгінде құрылысшылар келіп, шатырды жаңалап жатыр. Дәурен балаға тұрғындар атынан ризашылығымды білдіремін. Отбасы аман, абыройы үстем болсын, – дейді зейнеткер. 

Осындайда, жақсылықты жалау еткен аға буынның ел қажетін өтеу жолында атқарып жатқан ізгі амалдарын көріп, тәнті боласың, үлгі аласың, басқосылған кездері тілге тиек етесің

Ақжігіт Жетпісбайұлы Жамбыл ауданы
24.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 45
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 196
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 190
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 521
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 474

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9178
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8577
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11805
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9574
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10784