ДЕПУТАТ ЖАЛАҚЫ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ

ДЕПУТАТ ЖАЛАҚЫ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ

Қымбатшылық жағадан алып тұрғаны рас. Қайда барсаң да айлығы шайлығына жетпей жатқан жұрт.  Баға ғарыштық жылдамдықпен зырлап барады. Басқаны қайдам, күні-түні дамыл таппайтын жедел жәрдем көлігінің жүргізушілерінің де жағдайы мәз емес көрінеді.  Бұл мәселені Парламентте  Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин көтерді. «Менің министрге және Маңғыстау облысының әкімдігіне қоятын сұрағым бар. Биыл қаңтар айынан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 20-30%-ға ұлғайды. Сонымен қатар, денсаулық сақтау объектілерінде медициналық персоналдан басқа медициналық емес қызметкерлер, атап айтқанда, жедел жәрдем көлігінің жүргізушілері де бар. Осы жылдан бастап 23%-ға өскеннен кейін жүргізушілердің жалақысы, түнгі кезекшілікті қоса алғанда, сағат нормасы бойынша –  85-100 мың теңгені. Пациенттердің өмірі кейде бүкіл бригаданың, оның ішінде жүргізушінің кәсіби шеберлігіне байланысты. Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына ие болуы керек. Бірақ бүгінгі таңда олардың жалақылары төмен және өздерінің жүктемесіне сәйкес келмейді, әрине, мұндай жағдай олардың наразылығын туғызуы заңды құбылыс», – деді Жаңбыршин.

Оның айтуынша, бұл мәселеге Маңғыстау облысында жуырда болып өткен наразылықтар мысал бола алады.

«Осыған байланысты, құрметті Ажар Ғиниятқызы, денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық емес қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі қашан қайта қаралады? Осы жөнінде түсіндіруіңізді сұраймын. Екінші сұрағым Маңғыстау облысының әкімдігіне арналады. Жедел жәрдем көлігінің жүргізушілерімен болған жағдай қалай шешілді және оларға қандай қосымша қолдау шаралары көрсетіледі?» – деді депутат.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
13.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 97
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 617
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 735
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 647
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 656

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8791
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8192
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11419
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9173
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10404