Депутаттық сауал

Депутаттық сауал

                Қазақстан Республикасының

                Премьер-Министрі
                Ә. Смайыловқа

 

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Депутаттық сауалды жолдауға депутаттардың аумақтарға іссапарлары барысында жер учаскелері бар жұмыс істеп тұрған шаруашылықтар құрамынан шартты жер үлесі (ШЖҮ) иелерінің шығуы мәселелері бойынша азаматтардың көптеген өтініштері себеп болды. Бұл мәселелер әсіресе көктемгі дала жұмыстарының кезеңінде өзекті болып отыр.

Атап айтқанда, ауыл тұрғындарын шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларына, сыйақы төлеу (төлемеу), үлескерлердің шаруашылықтан шығуына кедергі жасау және үлескерлердің келісімінсіз жер учаскелерін кепілге беру мәселесі алаңдатады.

Бүгінгі күні Қызылорда облысының 3 ауданының 5 ауылында жер учаскелерінің үлескерлері мен агроқұрылымдардың басшылары арасында қақтығыстар орын алды.

Осыған ұқсас проблема Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында да бар, сондай-ақ басқа да аграрлық өңірлерде жиі туындайды.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша еліміздің 9 өңірінде шамамен 1,0 млн. га шартты жер үлестерінен тұратын 63 шаруашылықта шиеленісті жағдай қалыптасып отыр.

Бұл ретте заңнамаға сәйкес, мұндай даулар шаруашылық ішінде, оның қатысушыларының жалпы жиналысында шешілуі тиіс.

Алайда, қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі негізінде учаскелерді кепілге берудің қолданыстағы тәртібі барлық үлескерлердің құқықтарын толық көлемде қамтамасыз ете алмайды. Жергілікті жерлерде шаруашылық басшылары үлескерлердің келісімінсіз үлестік жерлерді кепілге беруге жол беруде.

Жер кодексінің 101-бабының 3-тармағы үлескерлердің шаруашылық құрамынан шыққан кезде қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша жер үлесін нақтылы бөліп алуға мүмкіндік береді.

Бірақ бұл норма шаруашылықтар үшін жер алқаптары шекараларының тұрақсыз болу тәуекеліне әкеледі. Жер учаскелері бар, жұмыс істеп тұрған шаруашылықтар құрамынан үлескерлердің жаппай шығуы бүкіл салаға кері әсерін тигізуі мүмкін.

Екінші жағынан, жерлері бар үлескерлердің шаруашылықтан шығу мүмкіндігін заңнамалық деңгейде алып тастау үлескерлердің құқықтарын бұзуға әкеледі.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, жер мәселелерін қоғамның өткір қабылдауын назарға ала отырып, республикалық деңгейде осыған ұқсас даулардың алдын алу мақсатында Үкіметке:

1) жер қатынастары саласындағы жоғарыда көрсетілген проблемалық мәселелерді жүйелі шешу бойынша шаралар кешенін қабылдау;

2) жергілікті деңгейде алынған жер учаскелерін мақсатты пайдаланудың тиімді тетіктерін әзірлеу;

3) осындай жер дауларын қарау үшін кәсіби медиаторларды тартып, диалог алаңдарын құру;

4) адал үлескерлердің құқықтарын бұзуға жол бермеу және жер пайларына билік етуге байланысты дауларды шешу бойынша жүйелі, оның ішінде заңнамалық шараларды әзірлеу, нақты айтқанда Жер кодексіне және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңында үлестерді бөлу процесін регламенттеу және үлескерлерден тұратын серіктестіктердің қызметін реттеу бөлігінде өзгерістер енгізуді ұсынамыз.

Парламент Мәжілісінің депутаттары өз кезегінде осы саладағы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ өзекті мәселелерді жан-жақты талқылауға дайын екендіктерін білдіреді.

 

 

         Құрметпен,

         «Amanat»  партиясы

фракциясының мүшелері                                          Ғ. Әміреев

Б. Кесебаева

Б. Смағұл

Е.Смышляева

Г. Шиповских

02.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 194
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 188
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 697
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 820
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 733

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8889
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8284
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11512
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9268
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10496