Депутаттық сауал!

Депутаттық сауал!

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Ә.А. СМАЙЫЛОВҚА

 

 

Құрметті Әлихан Асханұлы!

 

Тарихқа «Алматы трагедиясы» деген атпен енген қаралы күндер артта қалды.

Бәріміз Тәуелсіздік тағдыры қыл үстінде тұрғанын көрдік. Құрбандықтар да аз емес.

Қазір қоғамда «Президентті қолдайық» деген пікір бар. Бұл дұрыс. Бірақ Президентті қалай қолдаймыз?

Президентті құр сөзбен емес, нақты іспен қолдау керек.

Болған оқиғаға терең мән беруіміз керек. Қайғылы да қаралы күндерден сабақ алған жөн.

Біз Ұлттық идеология мен Ұлттық тәрбиеде үлкен олқылық жіберіп алдық. Мұны ашық мойындау қажет. «Менің мемлекетім, менің Қазақстаным» деген отансүйгіш сезімді терең орнықтыру орнына қалайда ақша табу, тез баю, тірліктің бәрін ақшамен өлшеу ұғымдарын  алға шығардық. Бүгінгі жастар бабалардың «тәк, тәйт» деген тыйымдарымен емес, негізінен «тик-ток» арқылы тәрбиеленіп жатыр.

Қоғамда жанашырлық, мейірім, қамқорлық, аяныш, обал мен сауапты білу, қанағат пен қайырым, ілтипат пен ізет орнына жаппай қатыгездік, аяусыз озбырлық, алдап, арбау, өтірік, өсек, мақтаншақтық, жалбақтау мен жарамсақтық орнықты. Еңбек ету, адал мал табу, Отанға, елге, МЕМЛЕКЕТКЕ адалдық, қоғам алдындағы жауапкершілік ұғымдары кейінге ысырылып қалды.

Өз ордасын өзі талқандайтын, өз мүлкін өзі ойранға салатын, бұл әрекеті үшін бір сәт те ойланбайтын қаныпезерлік қайдан шықты? Әкенің сөзін баласы тыңдамайтын, қой дегенді білмейтін, үлкендерден ықпайтын, өз дегендерінен шықпайтын, қыңыр да қырсық, тоңмойын ұрпақ неге көбейді? Елшіл, мемлекетшіл, ертеңшіл  толқын қайда? Ұлға дұрыс тәрбие бермесек, Тұлға қалай шығады?

Былтыр Сенатта Ұлттық құндылықтар туралы парламенттік тыңдау өткізілді. Талай түйткілді мәселе ортаға салынды. Үкіметке, тиісті министрліктерге сол жиын қорытындысы бойынша ұсынымдар берілді.

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Сізден сол ұсынымдарға қайта назар аударуды, парламенттік тыңдау материалдарын Үкімет мүшелерінің бәріне таныстыруды және соларды жүзеге асыру үшін шұғыл әрекет етуді талап етемін! Сенат бес құндылықты – атап айтқанда, тәуелсіздік және тарихи таным, ел мен жер, тіл мен имандылық, ұлттық дәстүр және отбасылық тәрбие, білім мен біліктілік мәселесін қазақ қоғамының басты қағидаттары ретінде күн тәртібіне шығарды. Соның бірде біреуі назарға алынбады. Айтылған сөз айтылған жерде қалды.

Үкімет жұмысынан бір нәрсені байқаймын. Байқаймын да басымды шайқаймын.

Үкімет мүшелері  өз  жұмысын бөлек-бөлек істейді. Әр ведомство өз көрпесін өзіне қарай тартады. Ортақ бағыт, ортақ жоспар, ортақ  іс жоқ. Нақты үйлесімді іс-қимыл жоқ. Осы ретте бірнеше министр бірігіп істейтін бағытты көрсеткім келеді.

Ұлттық идеология мен Ұлттық тәрбиенің көрініс табатын жері – теледидар. Бұқаралық ақпарат құралдары. Қазақстанның ақпарат кеңістігі қаптаған шоу мен мәні мен мағынасы шамалы телехабарларға толы. Барлық телеарна рейтинг қуу ісімен айналысып кеткен. Жаңалық атаулы кілең  негативтен тұрады. Ұлттық мемлекет құрып жатқанда ешқандай да «рейтингтің» керегі жоқ! Елдегі жетекші арнаның көпшілігі мемлекеттік тапсырыс арқылы бюджеттен тікелей қаржыландырылып отыр. Ендеше «рейтинг» не үшін керек? Керек болса, рейтингтің жарқын үлгісін марқұм Бейсен Құранбек көрсетіп кетті. Оның «Айтуға оңай», «Қарекет» атты бағдарламалары министрліктер атқара алмаған қаншама әлеуметтік мәселені шешіп берді. Қазір қайда сондай хабарлар?

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров мырза! Сізден ақпараттық саясатты дереу дұрыс бағытқа салуды сұраймын! «Еларна», «Тәлім ТВ» арналарын жасөспірімдер мен жастар арнасы етіп қайта құруды ұсынамын. Бізде «Балапан» арнасынан басқа 10-18 жасқа дейінгі өскелең ұрпаққа арналған бірде-бір телеарна жоқ, - деген еді Президент! Сол сөзді айтқалы да екі айдан асты. Әлі ештеңе жасалған жоқ. Осы жастағы ұрпақ технологиялық, индустриялық, инновациялық саясаттан мүлдем хабарсыз. Кезінде қазақ жастарын техникалық білімге баулыған «Білім және еңбек» журналын жауып тастадыңыздар. Мұндай жағдайда біз қалай интеллектуал ұлт боламыз? «Балдырған», «Ұлан», «Ақжелкен», «Дружные ребята» сияқты мемлекеттік және басқа да жекеменшік балалар басылымдарына қаржылай және материалдық тұрғыда  мемлекеттік қолдау көрсетуіңізді, жалпы ақпараттық саясатты түбірімен өзгертіп, Қазақстанның жаңа талаптарына сай бағытта құруды талап етемін!

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мырза! Кез келген қоғам Мәдениетсіз алға баса алмайды! Мәдениет саласына да жаңару, тазару, құндылықтарға айрықша мән беретін уақыт жетті. Сенат ұсынымдарын Сіз де мұқият қарап шығыңыз! Тиісті шешімдер қабылдаңыз! Қазақтың «Ала жіптен аттама», «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген даналығын бала күннен бойға сіңірудің амалын жасаңыз!

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мырза! Надандық – білімсіздіктен шығады. Абай «Адамзат баласының қас дұшпаны – надандық» деген. Абай «бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол» деп тәрбие өзегін көрсетіп кеткен еді. Білім беру саласында содан артық бағыт бар ма? Қоғамда «Кітап культін» Сіз басқарып отырған министрлік жасауы  тиіс!

Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Серік Шапкенов мырза! Кең-байтақ Қазақстанда жұмыссыз қазақ болмауы тиіс! Ешқандай нәтиже бермейтін бағдарламаларды тоқтатыңыз! Ұлттық бағдарламаларды жұртқа жақын, елге түсінікті етіп жасаңыз!

Жас ұрпақты Жапония қалай тәрбиелеп отыр? Корея қалай тәрбие беріп отыр? Алысқа бармай-ақ шығыстағы осы екі елдің тәрбиелік тәжірибесін назарға алып көріңіздерші! Технологиялық жағынан озып кеткен елдер ғой. Балаларға телефон ұстауға тыйым сала алмаймыз. Оның пайдалы жағына қалай бет бұрғыза аламыз?

Цифрландыру министрі Бағдат Мусин мырза! Қазақстанда қаншама ІТ маман бар. Неге солардың басын жинап, смартфонда балалар мен жасөспірімдерге арналған интеллектуалды ойындар мен мемлекеттік тілде білім беретін бағдарлама  әзірлемейсіз? Әлде өзге елдердің бәрінің қолынан келген нәрселер біздің қолымыздан келмей ме? Интернет кеңістігін қазақша контентпен жедел толықтыру сіздің тікелей міндетіңіз емес пе?

Үкімет басшысынан осы айтылғандарды және Сенат қабылдаған Ұлттық құндылықтар туралы ұсынымдар мен әлеуметтік желідегі пайдалы ұсыныстарды тезірек елекке салып, нақты іс-қимыл жоспарын жасауды сұраймын!

Ешкім бізге жаңа мемлекет құрып бермейді! Бізге іргесі берік қоғам керек! Жаңарған Қазақ Елі керек! Осыны күн сайын есте ұстау керек!

Құрметті Әлихан Асханұлы, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес, Сізден, жоғарыда көтерілген  мәселелер бойынша толық жазбаша жауап беруді сұраймыз.

 

 

Құрметпен,

Н. ЖҮСІП

 

Б. ЖҰМАҒҰЛОВ

Н. ТӨРЕҒАЛИЕВ

 

А. ӘЛНАЗАРОВА

 

А. ҚАПБАРОВА

 

А. НУХҰЛЫ

 

С. ДҮЙСЕМБИНОВ

 

О. БУЛАВКИНА

 

Келісу шешімдері
20.01.2022 14:56:17: Данияров А. Б.(Жалпы бөлімі) - - ескертпелерсіз келісілген
20.01.2022 14:59:56: Капбарова А. Ж.(Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті) - - ескертпелерсіз келісілген
20.01.2022 15:08:16: Жусип Н. Б.(Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті) - - ескертпелерсіз келісілген
20.01.2022 15:08:59: Турегалиев Н. Т.(Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті) - - ескертпелерсіз келісілген
20.01.2022 15:11:55: Альназарова А. Ш.(Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті) - - ескертпелерсіз келісілген
20.01.2022 15:20:08: Дюсембинов С. М.(Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті) - - ескертпелерсіз келісілген
20.01.2022 15:22:42: Булавкина О. А.(Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті) - - ескертпелерсіз келісілген
20.01.2022 15:31:51: Данабеков О. К.(Сенат Аппаратының Басшылығы) - - ескертпелерсіз келісілген
20.01.2022 15:33:14: Жумагулов Б. Т.(Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті) - - ескертпелерсіз келісілген
20.01.2022 15:42:27: Нурсеитов Р. С.(Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі) - - ескертпелерсіз келісілген
20.01.2022 15:53:24: Нухулы А. .(Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті) - - ескертпелерсіз келісілген
Қол қою шешімі
20.01.2022 16:39:34 Ракишева А. Г.. Қол қойылды

30.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 144
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 142
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 656
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 776
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 689
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 699

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8838
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8236
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11463
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9220
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10447