Депутаттық сауал

Депутаттық сауал

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі

ӘАСмайыловқа

 

 

Құрметті Әлихан Асханұлы!

 

Шежірелі Ұлытау жерінде өткен Ұлттық құрылтайдың 
I отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың басты жұмыстарының бірі – тарихи әділдікті орнату, ел тәуелсіздігі жолында құрбан болып, бүгінде ұмытылып кеткен  ұлт тұлғаларын ұлықтап, есімдерін жаңғырту, тарихи оқиғаларға лайықты баға берудің маңыздылығын айтты.

Кешегі Ұлытаудағы құрылтай 1917 жылғы желтоқсанда Орынбор қаласында өткен Қазақ құрылтайының бүгінгі жалғасы болса, еліміздің тәуелсіздігінің  іргетасы да осыдан 105 жыл бұрын құрылған Алаш Республикасы десек,қателеспейміз.

Алаш республикасының 1918-1920 жылдары алғашқы қазақ мемлекеті болып құрылғанынжәне егеменді сыртқы саясат жүргізгенін дәлелдейтін Алаш арыстарының  хаттары ментың деректері жақын арада Жапонияның Сыртқы істер министрлігінің мұрағатынан табылды.

Ол  құжат – көрнекті Алаш қайраткері Райымжан Мәрсекұлының Алаш Орда Үкіметінің атынан 1919 жылдың қаңтарында Жапон үкіметіне тапсырған хаты мен Париж бейбіт конференциясына Мұстафа Шоқайдың аттануы – жаңа ғана дүниеге келген Алаш Ұлттық Республикасын қайткен күнде де сақтау, халықаралық қауымға мойындату мақсатында атқарған саналы да жоспарлы іс-қимылының айғағы.

Естеріңізге сала кетейік, «Ақ жол» демократиялық партиясы 
2014 жылдан бері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында «Алашқа тағзым» шеруін барлық аймақтарда жыл сайын жүйелі түрде өткізіп келеді. Өкінішке орай, бұл шараны жетінші жыл өткізгенімізге және ресми рұқсат сұрағанымызға қарамастан, барлық облыс/қала әкімдіктерінен тыйым салынуда.

Алайда, тағы да сол әкімдер, өткен ғасырдың басында 4 миллионнан аса қазақты аштықпен азаптап, сол кездегі халқымыздың 70 пайызын жалмаған тоталитарлық жүйенің көсемі Сталин мен Берияның бейнелерін қолдарына ұстап, «Бессмертный полк» сияқты мән-мағынасыз шерулерді өткізуге рұқсат берген. 

Ал қиын-қыстау кезеңде Ұлт үшін саналы түрде өз өмірлерін құрбандыққа шалған Алаш арыстары мен өз ата-бабаларының әруақтарына тағзым етуден қорыққан қала/облысбасшыларының «қоян» тіршілігін қалай түсінуге болады? Отыз жыл тәуелсіз ел болсақ та, олар құлдық санадан арыла алмай жүр ме?!

Оның үстіне, біздің елімізде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алурәсімдері  облыс орталықтары мен бас қалалардың үлкен алаңдарында халықтың жаппай қатысуымен өтпейді. Мысалы, Елордада бұл шара «жетім қыздың тойындай», «Ақмол» ауылында, көзден таса, шенеуніктердің ұрлық жасағандай, жаттанды сөздер айтып, «тиіп-қашып» қатысатын шарасына айналған.

Сонымен қатар 2020 жылы «Ақ жол» партиясының депутаттары, елін, ауылын аштықтан, азапты ажалдан аман алып қалуға тырысып, қызылдардың тоталитарлық қанішер саясатына қарсы шығып  қарулы көтерілістерге қатысқан, «басмаш» деген мазақ аттан арыла алмай жүрген батыр бабаларымызды толық ақтап алу жөнінде депутаттық сауал да жолдаған болатынбыз.

Тарихшылардың деректері бойынша, қазақ даласында Сарқан, Балхаш, Қазалы, Қарақұм, Ырғыз, Атбасар, Сарысу, Созақ, Адай деген атпен белгілі болған 300-ден аса көтеріліс орын алған.

Бірақ, Үкімет тарапынан «Ақ жол»фракциясына берілген құрғақ ресми жауабыбізді қанағаттандырып отырған жоқ. Онда Алаш әскерінің қатарында соғысқан және жоғарыда аталған ұлт азаттық қарулы көтерілісіне қатысқан батыр бабаларымыз туралы ешқандай ақпарат, зерттеу таппадық.

Осы орайда, «Ақ жол» партиясы Мемлекет басшысының әділетті «Жаңа Қазақстан» құру туралы игі бастамаларын қолдай отырып және тарихи әділдікті де қалпына келтіру мақсатында:

біріншіден, Мемлекеттік комиссияның атқарған жұмысын Бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде жариялап,  саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтаумен қатар, назардан тыс қалған ұлт-азаттық көтеріліс құрбандарын да анықтап, оларға қатысты тарихи деректерді  зерттеп-зерделеуді жалғастыруды;

екіншіденАлаш Республикасының 105 жылдығына орай «Ақжол» партиясының бастамасын қолдай отырып, биылдан бастап «Алашқа тағзым» шеруін жалпыұлттық, мемлекеттік деңгейде өткізуді талап етеміз.

«Ақ жол» фракциясының депутаттары
29.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 143
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 141
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 655
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 775
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 688
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 698

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8835
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8233
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11460
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9217
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10444