ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.А.Смайыловқа

 

 

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Әлихан Асханұлы!

 

«Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасында отандық өндірісті дамыту, бизнестің айналымдағы қаржысын (обротные средства) қамтамасыз ету, қазақстандық өнім шығарушының,  қазақстандық ұстанымға ұмтылысын қорғау қаралған. 

Сондықтан мемлекеттік сатып алу шартын, дүниежүзілік сауда ұйымының халықаралық сауда ережелерін  сақтай отырып, ішкі өнімді өндірудің ұтымды жақтарын қарастыру басты назарда болуы қажет.

Бүгінгі отырыста көтергім келіп отырған сауал мал жүнінен сапалы жамылғыларды дайындайтын отандық кәсіпкерлердің өнімін қорғауға қатысты болмақ.

Мысалы, Атырауда Италия технологиясымен жылына 300 тонна қойдың, 100 тонна түйенің жүнін тазалап, бояп, иіріп дүниежүзілік стандартқа сәйкес жамылғы (одеяло) шығаратын  өндіріс кешені сұраныстың төмендігінен қаржылық  қиындық көруде.

Себебі теміржол, балабақша, аурухана, мектеп интернаттары, демалыс орындары бағасы әлдеқайда төмен синтетикалық жамылғылар сатып алуда. Ол жамылғылар шет елдерден келеді. Бұл жерде коррупциялық  қызығушылық та құр емес.

Партия бағдарламасында мемлекеттік сатып алу кезінде айқындаушы көрсеткіш баға ғана емес, оның сапасы да болуы керек екені айтылған. 

Сатып алу шартында, экологиялық табиғи материалдан жасалған жамылғы болуы керек екені көрсетілсе, отандық тауар өндірушілердің өнімдеріне сұраныс артқан болар еді.

Елімізде мал жүнін пайдалану аса маңызды екенін ескеріп, мемлекеттік сатып алу заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізгенде отандық өнімді қолдайтын осындай ұсыныстарды ескеруді сұраймын.

 

        Құрметті Әлихан Асханұлы! 

      «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 27-бабына сәйкес көтерілген сауалға жауабыңызды жазбаша хабарлауыңызды сұраймын.

 

Құрметпен, 

Депутат, «AMANAT» партиясы

фракциясының  мүшесі                                                      Б.С.Ізмұхамбетов

Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов — Уикипедия

05.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 83
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 604
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 721
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 633
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 643

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8780
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8180
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11409
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9163
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10394