ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрінің

бірінші орынбасары

2023 жылғы  5 сәуірде жарияланды                                                                                                                                                                                                 Р.В. Склярға

 

 

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ 

Құрметті Роман Васильевич!

         Павлодар облысының Екібастұз қаласында былтырғы жылыту маусымында болған ірі апат – бәрімізге сабақ және маңызды сигнал болды. Қаһарлы қыстың қақ ортасында сұп суық баспанада қалған мыңдаған тұрғынның жай күйін Сіз жақсы біліп отырсыз.

Ел басына күн туған шақта билік тарапынан берілген уәде, айтылған жоспар көп еді. Шешуді қажет ететін өткір мәселелер әлі де аз емес.

Біріншіден, үйлерді жылытуға жұмсалған  электр энергиясы үшін өтемақы төлеу мүмкіндігін қарастыру қажет.

Акционерлердің есебінен 2022 жылдың желтоқсанда және ағымдағы жылдың қаңтарында тұтыну нормасына сәйкес өтемақы жүргізілді.  (жалпы сомасы 241,8 млн.теңг, тұтынушылар саны 48 172).

Енді 2023 жылдың ақпан-наурыз айлары үшін  «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» акционерлік қоғамы есебінен тұрғын үйлерді жылытуға пайдаланылған электр энергиясының шығындарын өтеу мәселесін қарау маңызды.

Екінші мәселе, жылу жүйесін жаңғырту бойынша жобалар бар, алайда қаржыландыру көзі белгісіз.

2023 жылы жалпы ұзындығы 5,6 шақырым және жалпы құны 9,6 млрд.теңгеге Екібастұз қаласының жылу желілерін(ТМ-2, ТМ-5, ТМ-8, ТМ-12) қайта жаңарту бойынша 4 жоба әзірленді. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, бюджеттік өтінімдер қалыптастырылып, салалық министрлікке жолданды.

Аталған мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз.

Үшіншіден, Екібастұз Жылу Электр Орталығының су жылыту қазандықтарын жөндеуге қаражат анықталмады.

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Екібастұз ЖЭО-да ауқымды жөндеу науқаны көзделген, оның шеңберінде жалпы құны 7,5 млрд.теңгеге 8 қазандық агрегатын (3 энергетикалық және 5 су жылыту қазандығын) күрделі жөндеу жоспарланған.

3 энергетикалық қазандыққа күрделі жөндеу Акционерлік Қоғамының есебінен жүргізілетін болады.

Екібастұз қаласы әкімдігінің (2023 жылғы 10 қаңтардағы №15/ Қаулы1)коммуналдық меншігіне қабылданған 5 су жылыту қазандығын (№11,12,13,14,15)жөндеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат талап етіледі.

Осы мәселені шешу шеңберінде Павлодар облысы әкімдігі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің сол кездегі және қазіргі бірінші орынбасары Роман Склярдың атына хаттар жолдады.  Алайда, бұл саланы дамытуға жауапты Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі облыс әкімдігінің жіберген ұсынысын қабылдамады. Осы уақытқа дейін мәселе шешілмеген күйінде қалып отыр.

Міне, көктемнің екінші айына қадам бастық. Келесі жылу маусымына дейін жөндеу жұмыстарын жасап үлгермей қалу қаупі бар.

Сондықтан Екібастұз қаласының тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу мүмкіндігін қарауды жеделдету қажет деп есептейміз.

Тағы бір маңызды жай, аталған стратегиялық нысандар кімнің иелігінде және қалай болатындығын әлі нақтыланбады.

Аталған мәселелерді шешуге байланысты қандай шешім бар және қандай жұмыстар жасалуда?

Жоғарыда аталған негізінде және заң талабына сәйкес, жауапты жазбаша түрде белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне жолдауыңызды сұраймыз.   

 

Құрметпен,

«Amanat» фракциясының

Депутаттары                               Ж.Амантай

                                                    Д.Тұрғанов

 

05.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 83
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 604
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 721
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 633
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 643

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8780
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8180
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11409
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9163
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10394