ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

            Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрдің орынбасары

А.С. Көлгіновке

 

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

ҚұрметтіАлтай Сейдірұлы!

Біріншіден, менің Сіздерге жолдап отырған сауалымның артында Қазақстан Республикасының ондаған мың мәдениет саласының қызметкерлері тұр.

Екіншіден, бұл «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына еніп, халыққа берген уәдесі.

Мемлекетіміздің идеологиясын дұрыс жүргізуде және отанымызды алыс-жақын шетелдерге таныстыруда мәдениеттің атқарып жатқан жұмысы аз емес. Республикамыз бойынша елеулі еңбек етіп жатқан 56 театр, 20 филармония, 267 мұражай, 3891 кітапхана бар. Ол аз десеңіз Қазақстан бойынша қаншама мәдениет үйлері және тағы сол сияқты бәрнеше өнер ұжымдары да бар.

Ғ. Мүсірепов «Адам – өнерді қаншалықты жақсы көрсе, соншалықты қорғауға міндетті» - деген насихат сөзі бар.

Өкінішке орай, біз бүгінгі күнде мемлекеттің айнасы болып отырған мәдениет қызметкерлерін мүлдем ескерусіз қалдырудамыз.

Мәдениет саласының қызметкерлері дегеніміз – тек қана сахнада өнер көрсететін тұлғалар емес, солардың жағдайын жасап отырған сахна сыртындағы еңбек адамдары. Олар мемлекетіне шынайы махаббатпен қарап, мәдениетке бар ықыласымен қызмет ететін: сахна техниктері, костюмерлер, гримерлер, жарық түсірушілер, дыбыстаушы деген сияқты мыңдаған адамдар. Жанға бататын бір жайт, бұл аталған қызметкерлер әлі күнге дейін санаты жоғарылап, жалақысы өсіп жатқан ұстаздар, дәрігерлер сияқты мамандар қатарынан де орын алған жоқ.

Қазіргі таңда қай мекемені алсаңыз да мәдениет саласының қызметкерлерінің жалақысы 60 мың теңгеден басталып.

100 мың теңгеге жетер жетпес межеден аса алмай тұр. Еңбекақысының төмендігі білікті мамандардың жұмыстан өз еркімен кетіп, мәдениет ошақтарының жұмысын туралатуға әкеліп соғады.

Құрметті Алтай Сейдірұлы, осы орайда, мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының қосымшасына мәдениет, архив және кітапхана қызметкерлерінің коэфиценттерін өзгертіп, жалақыларын өсірулеріңізді сұраймын.

Құрметті Алтай Сейдірұлы, Сіз Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында бірлесіп жұмыс жасауға уәде берген едіңіз және де қайта жасақталған министрлер кабинеті «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын толықтай іске асыруға еңбектенетінін хабарлағансыз.

Сол себепті менің сауалым оң шешімін табады деп сенемін.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес, депутаттық сауалға заңнамада белгіленген мерзімдерде жазбаша түрде жауап беруіңізді сұраймын.

Құрметпен,

«AMANAT»

фракциясының депутаты                                                       Заитов Р.

05.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 85
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 605
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 722
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 634
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 644

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8782
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8181
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11410
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9164
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10394