Депутаттық сауал

Депутаттық сауал

Қазақстан Республикасы Премьр-министрінің орынбасары Е.Л.Тоғжановқа

 

2022 жылғы   мамырда жарияланды

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Ералы Лұқпанұлы!

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бұқаралық спорт және мәдениетті дамытуға жағдай жасау тапсырмасына байланысты2021 жылдың 1 мамырынан бастап, жергілікті атқарушы органдар балаларды мәдениет және спорт бағытындағы қосымша біліммен, спорт және шығармашылық үйірмелер үшін мемлекеттік тапсырыстың жан басына шаққандағы механизмін жүзеге асыра бастады. 2022 жылдан бастап аталған екі бағыттан басқа білім және ғылым бағытындағы үйірмелерге де мемлекеттік тапсырыстар орналастырылуда. Бұл – өскелең ұрпақты жан-жақты дамытуға, адами капитал сапасын арттыруға бағытталған жақсы шешім. 

5,8 млрд қаражат қарастырылған. 1523 мектептен тыс қосымша білім беру ұйымында 1.1 млн. бала үйірмелерге қатысады. Жалпы 2022 жылы қосымша білім берумен қамтылған балалар 2 461 775 баланы құрайды. Оның 43,68% – 1 502 951 қалада тұратын балалар, 26,7 % – 958 824 ауыл балалары.

Дегенмен, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде балалар үшін қарастырылып жатқан осы қаражаттардың игерілуі жайында керағар ақпараттар бар. Мақсатты қарастырылған қаражаттың жұмсалуына сенімсіздік білдірген ата-аналар да көптеп кездеседі. Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырысты алып отырған заңды тұлғалардың көпшілігі сол мемлекеттік тапсырысты орналастырушы органның қызметкерлерінің туысқандары, таныстары екенін де жиі айтады. Оқушыларды формальді түрде тіркеп қойып, мемлекеттік тапсырысты талан-таражға салуға жол берілмеуі тиіс.

Келесі ұсыныстарды енгіземіз:

1. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі тарапынан қосымша білімге бөлінген қаражаттың тиімділігін бағалау және есеп беру критерийлері анықталсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігіне қарасты НОБД Ұлттық білім берудің мәліметтер базасындағы мәліметтерімен спорт және шығармашылық үйірмелер үшін мемлекеттік тапсырыстың жан басына шаққандағы механизмін жүзеге асыратын artsport.edu.kz платформасының мәліметтері біріздендірілсін.
3. Еліміздің келешегі, ұлт болашағы болып табылатын балалардың несібесіне қол салуға жол бермеуіміз керек. Мемлекеттік тапсырысты алып отырған заңды тұлғаларға қойылатын талаптар күшейтілсін. 
4. Қосымша білім беруге орналастырылған мемлекеттік білім беру тапсырысын бақылау, мониторинг жүргізу тетіктері бекітілсін.
5. Қосымша білім берудің бір бағыты ретінде тарихи, мәдени мұраны, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын, отансүйгіштік, патриоттық сезімдерді дамытатын үйірмелер жұмысын жолға қою қарастырылсын.
6. Мемлекеттік тапсырысты алып отырған заңды тұлғалардың балаларға ұсынатын бағдарламаларысараптамадан өтіп, бекітіліп, авторлық құқық негізінде реестрлерде халыққа қолжетімді болуы қамтамасыз етілсін.
7. Қосымша білім алу мен тегін үйірмелер, спорттық секциялар ауыл балалары үшін қолжетімді болу механизмдері ойластырылсын.

Осы депутаттық сауалға жауапты заңнамада көрсетілген мерзімге сәйкес жазбаша беруіңізді сұраймыз.

 

 

Құрметпен,

депутат, «AMANAT» партиясы

Фракциясының мүшелері                                                            А. Әлтай

Ж. Сүлейменова

04.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 15
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 67
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 61
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 46
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 452
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9066
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10071
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11280