Деструктивті діни ағымға тыйым салатын кез жетті

Деструктивті діни ағымға тыйым салатын кез жетті

    Елімізде соңғы болған бұзып-шағу, өртеп, тонау, кісі өлтіру т.б бүлікшілік іс-әрекеттері мемлекет тарапынан террорлық шабуыл ретінде танылды. Деструктивті діни ағым өкілдерінің қитұрқы қылмыстарымен астасқан іс-қимыл екені де айтылуда.

Біз ұлт ретінде өзімізді «әлмисақтан мұсылманбыз» деп келдік және еліміз тарихында тәуелсіздікке дейін діни алауыздық болған жоқ. Ата-бабамыз ұстанған ислам дінін дәстүрге балап, хәл-қадірімізше қадір тұттық. Алайда:

 

      Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі ес жиып үлгермеген алғашқы кезеңдерде халықтың діни сауатының төмендігін пайдаланып, сырттан дәстүрлі діни ұстанымымызға сай келмейтін көзқарас-пірдегі жат ағым өкілдері сыналап кіре бастады. Біртіндеп ағаш өзегін кеулеген құрттай ел арасын іріткіге салып, бүліктер шығара бастады. Ғасырлар бойы ұстанған жолымызды, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды жоққа шығарды. Жастардың санасын улады. Шетел асқандар да аз болмады. Тіпті ел ішінді Ақтөбе, Алматы, Атырау сынды бірнеше қалаларда қарулы қақтығыстар, жарылыстар жасады.

Осы ретте деструктивті діни ағым өкілдерінің елдігіміз үшін қауіпті екенін анық аңғардық. Бұған дейін де сан мәрте айтылып, көтеріліп келсе де бұл мәселе аса өзектілікке ие бола алмады...

 

       ДДА ұстанушыларымен күресу үшін 2011 жылы Дін істері комитеті құрылып, қарсы нәсихат, түсіндіру жұмыстары бойынша өз қызметін бастаған. Әлі де жалғасуда. Алайда Дін істері басқармасының да, ДДА ұстанушыларымен тікелей жұмыс жасайтын теологтардың да қолында ешқандай заңдық құзірет болмағандықтан ДДА ұстанушылары айылын жиған емес. Сәйкесінше жұмыстың жемісі де мардымсыз.

 

       Әрине еліміз зайырлы мемлекет. Кім, қандай дін ұстанғысы келсе өз еркінде. Дей тұрғанмен қандай да бір дін немесе ұйым, жеке тұлға болсын мемлекетке, ұлтқа қауіп төндірген жағдайда заңмен бір жақтылы етілмей ме?!

Дәл қазіргі жағдайда «темірді қызуында соғып»  ДДА ұстанушыларына, басқа да ел арасын іріткіге салатын діни-саяси топтар мен ұйымдарға заңдық тұрғыдан тыйым салынса құба-құп болар ма еді?!.

 

      P/S: осы мәселені жоғарыға жеткізуге қауқарлы тұлғалар болса белгілеп кетсеңіздер болады...

Ерзат Төлешұлы
12.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 208
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 204
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 709
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 832
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 746

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8903
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8297
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11525
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9281
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10509