Қазақстан әнұраның орындаған Димаш бүкіл әлемді таң қалдырды. Шетелдік БАҚ пен шетелдік көрермен Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес жекпе-жегіндегі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің өнерін назардан тыс қалдырмады. Трилогия 18 қыркүйекте Лас-Вегаста өтті және 12 раундқа созылды. Шетелдік көрермен мен Желі қолданушылары Димаштың орындауындағы Қазақстан Әнұранына тәнті болып, оның өнерінен кейінгі әсерлерін бөлісті. Мексикалық бұқаралық ақпарат құралдарында «Канело - GGG: Қазақстан Әнұранын кім шырқады» деген мақала жариялады. Мақала авторлары қазақстандық әншінің өнерінен кейін, Twitter желісінде мексикалықтар арасында жаңа тренд пайда болғанын атап өтті. Мексикалық желі қолданушылары Димаштың өнеріне тәнті болғанын атап өтті. Испанияның белгілі “Marca”спорт басылымы «Димаш Құдайберген Қазақстан Әнұранын әсерлі орындап шықты» деген мақала жариялады. Олар әншінің дауысы аренаға жиналғандардың бәрін таңғалдырғанын атап өтті. Портал ән орындалған соң бәрі өнер иесіне ду қол шапалақ ұрғанын жазады. Әншінің Коста-Рикадан келген жанкүйерлері де оның өнерін назардан тыс қалдырған жоқ. «Димаш, біз сені жақсы көреміз» делінген олардың жазбасында. Осылайша бүкіл әлем қазақтың әнұранына тәнті болып отыр.
Димаш Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматы қаласында көптен күткен жаңа концертін алғаш рет өткізеді. Әртіс өзінің туған жерінде сүйікті Dears-пен кездесуді асыға күтеді. Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі – Алматы қаласының орталық стадионында өтеді. 50 елден жанкүйерлері келеді.