Діндер лидерлерінің съезі – ашық диалог алаңы

Діндер лидерлерінің съезі – ашық диалог алаңы

Нұрлан Есімов, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы басқарма төрағасының орынбасары: 

«Тәуелсіз Қазақстанның тарихы дінаралық қатынастары мен дін саласында, қазіргі заманғы қоғамдық қатынастарды дамыту мен нығайтуда әрқашан негізгі позициялардың біріне ие. Тәуелсіздік алған қысқа мерзімде Қазақстан осы бағытта айтарлықтай табысқа қол жеткізді, бұл ретте адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазынасы болып табылатын толерантты, демократиялық, зайырлы қоғамды қалыптастырды. Дін саласы қазіргі заманғы қоғамдық қатынастар институты ретінде толерантты және бейбіт қоғам қалыптастыруда үлкен рөл атқаратынын атап өткен жөн. 19 жыл бойы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі өзін бітімге келетін диалог алаңы ретінде танытты, ол жерде тек әлемдік конфессиялардың өкілдері ғана емес, сонымен қатар көрнекті саяси қайраткерлер, беделді халықаралық ұйымдар мен ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері де келіссөздер үстелінде бас қосады. Бұндай шаралар әлемде болып жатқан әртүрлі       геосаяси жағдайлар аясында да жан-жақтан жиналған қоғамдық институттар арасында өзара байланыс орнатулары үшін қажет. 

Қазақстан Халықаралық құқық субъектілерінің бірі ретінде 2003 жылы әлемдік аренада конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту мен нығайту үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмсау жауапкершілігін өзіне алды. Осылайша, Қазақстанның бастамасымен елордада алғаш рет әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының I Съезі өтті. Біздің еліміз ашық диалог жүргізуге және адамзаттың көкейтесті проблемаларын шешу үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға қауқары жететіндігін көрсетті. 

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін өткізу туралы бастаманы АҚШ-тың 43-ші президенті Джордж Буш (кіші), Қытай компартиясы ОК экс-бас хатшысы Цзян Цзэминь, Адам құқықтары үшін күрестегі ең танымал белсенділердің бірі, Нобель сыйлығының лауреаты және ОАР экс-президенті Нельсон Мандела сынды тұлғалар қолдады. 2006 жылы ел астанасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының II Съезін өткізу үшін белгілі сәулетші және дизайнер, император және Прицкер сыйлықтарының лауреаты Норман Фостер жобалаған Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Бейбітшілік және келісім сарайы пирамида түрінде салынды, ол көптеген діндердің үш негізгі түсінігін бейнелейді: ғимараттың жерасты бөлігі – қараңғы реңктермен безендірілген; ғимараттың ортаңғы бөлігі – ақ түстермен безендірілген бейбітшілік символы; ғимараттың жоғарғы бөлігі – аспан реңкті, пирамиданың шыны түрінде безендірілген. Бүгінде бұл ғимаратта конференцияларға арналған залдар, концерт-опера залы, 32 діни конфессия өкілдеріне арналған арнайы дұға бөлмелері жабдықталған, жеке рухани-діни әдебиеттер жиналған кітапханасы, сондай-ақ өнер туындылары орналастырылған, экспозициялар мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырылатын түрлі көрме залдары бар. Елорда тұрғындары мен қонақтары жыл бойы осы бірегей ғимаратқа экскурсия жасай алады. Содан бері бейбітшілік және келісім сарайында тағы 4 Съездің отырысы өтті. 

Алдағы VII Съездің дәстүрлі форматтағы жұмысы осы ғимаратта болмақ. Ашық көздерден белгілі болғандай, Қазақстанға әлемнің түкпір-түкпірінен белгілі қонақтар мен делегаттар келеді, оның ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Рим Папасы Франциск мемлекеттік сапармен келеді. VII Съездің негізгі тақырыбы пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың әлеуметтік-рухани дамуындағы әлемдік және дәстүрлі конфессиялар көшбасшыларының рөліне арналған. Covid-19 пандемиясы қоғамдық қатынастарға өз зиянын тигізбей қоймады. Ең кедей елдер мен халықтың осал топтары дағдарыстан қатты зардап шекті. Адамзаттың бойында әлі де бір үрей бар. Пандемиядан кейінгі дағдарыстан кейін адамзат одан әрі дамуы үшін ғалымдар, саясаткерлер ғана емес, сонымен бірге рухани жетекшілерден де бір уәж күтеді.  Қазақстан әрқашан мәдени және рухани құндылықтарды ілгерілетуге зор көңіл бөлді. Әлемдік діндер, халықаралық және ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтар адамзат дамуының және мәдениеттер мен өркениеттердің алуан түрлілігін сақтаудың игілігі жолында біртұтас болуға тиіс. Сондықтан өткізілейін деп отырған форумның ерекшелігі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау тұрғысынан өзекті мәселелерді талқылау болып табылады»,– дейді. 

 

Ермек Сахариев
25.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 160
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 166
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 378
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 348
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 963

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9040
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8437
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11665
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9426
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10645