Допингтің жыры қашан бітеді?

Допингтің жыры   қашан бітеді?

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы, 26 жастағы Айбол Әбікен допинг қолданғаны үшін 4 жылға футболдан шеттетілді. Қазақстан допингке қарсы орталығы мәлім еткендей, мамыр айында Айбол Әбікеннің ағзасынан тыйым салынған мельдоний (милдронат) препараты табылған болатын. Осылайша, А.Әбікен кәсіби футболға 2026 жылдың 29 сәуірінде ғана, отыз жасқа жақындағанда орала алады. Айбол – алматылық «Қайраттың» түлегі. Осымен үш жылға жетпейтін мерзім ішінде допинг табылған Қазақстан құрамасының үш ойыншысы футболдан шеттетілді. 2020 жылдың күзінде БАӘ-нің «Аль-Айн» командасында доп тепкен Бауыржан Исламхан, ал өткен жылы күзде «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Руслан Валиуллин екі жыл мерзімге футбол ойнау құқығынан айырылған еді.

 

Ермек Сахариев
11.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 343
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 332
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 191
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 487

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18247
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18107
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33296
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31846
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35563