Дос Көшім, саясаткер: Ұлттық құндылықтардың жоқтаушысы

Дос Көшім, саясаткер:    Ұлттық құндылықтардың жоқтаушысы

 – Газет еліміздің аса қиын кезеңінде дүниеге келіп, қоғамның жүрек дүрсілін, демі мен алғашқы қадамдарын дөп басып көрсетуде ерекше қызмет атқарып келеді деп білемін. Мен «Қазақстан  – ZAMAN» газетінің тек қана ақпараттық құрал рөлін орындап қоймай, қазақтың саяси сауатын ашу, азаматтық көзқарасын қалыптастырудағы еңбегін ерекше атап өткім келеді. Қилы кезеңде, жарнама қуып, тіршіліктің мүддесін ойлап кетпей, қазақтың жоғалып бара жатқан ұлттық құндылықтарының жоқшысы болғаны қуантады. Мойындауымыз керек, газеттердің өтініштері бойынша мақала жазып, сараптама жасағанда, біздің басымыздың бір қуысында  «мына ойымды баспауы мүмкін» не «мына мәселенің тігісін жатқызып айтайын» деген бір «редактордың» тұратыны анық. Өз басым, сіздердің газеттеріңізге мақалалар жазғанда ондай аурудан арылып кетемін. Осы жолдарыңыздан ешқашан танбай, шындықты ашып айтатын, мәдениетті де, қызықты басылым болуларыңызды тілеймін!

14.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 352
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6457
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8166
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6537
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6673