Дулат Жүсіпқалиев, Орал қаласының ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы: «Отанға жан жүрегімен қызмет ететін жастар бас қосты»

Дулат Жүсіпқалиев, Орал қаласының ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы: «Отанға жан жүрегімен қызмет ететін жастар бас қосты»

– Жуырда Ақмола облысының Зеренді аймағында «AMANAT»  жастар қанатының кезектен тыс VI съезіне батысқазақстандық белсенді жастармен бірге қатысу бақыты бұйырды. Алқалы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнежазба арқылы жастарға үндеу жолдап, съезге қатысушы делегаттарды құттықтады. Президентіміз бұрынғы «Жас Отан», яғни «Жастар Рухы» ресурстық орталықтарымен бірігіп жұмыс жасауы керегін айтты. Нәтижесінде VI кезектен тыс съездің шешімімен жастар қанатын трансформациялаудың жаңа бағдарламасы мақұлданып, жастар ұйымының атауы «Жастар Рухы» болып өзгертілді. Ықылым заманнан Алаштың атын танытқан бабалар ізін жалғап, ұрпақтан күткен үкілі үмітті ақтау керектігін шегелеп бергендей болды бұл атау. Үлгілі үрдістің жалғасы іспетті ұйымның жұмысын жандандыруға біз де атсалысамыз. 

«Орал жастарымен» бірге бұған дейін де талай таудай істердің көшінде жүргенбіз. Енді «Жастар Рухы» деп атауы ғана өзгерген, бірақ миссиясы сол қалпындағы ұйыммен бұдан әрі де тізе қосып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қызмет атқармақпыз. 

Иә, барша Қазақ елі елең етіп, жастардан тың өзгерістер күтіп отырғаны анық. Еліміздің болашақ көшбасшылары бас қосқан жиын жастардың бойындағы отансүйгіштік сезімді одан бетер маздатты. Енді осы күш-жігермен, көтеріңкі көңіл күймен игілікті істерімізді одан әрі жалғастырамыз. 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
21.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5512
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5662
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20633
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19263
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22726