Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы аяқталды

Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы аяқталды

Үндістанның Ченнай қаласында өткен 44 Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасы өз мәресіне жетті. Жарысқа 2000-нан астам қатысушы, атап айтқанда, 189 ерлер мен 162 әйелдер командасы қатысты. 11-турда әйелдер құрамасы Үндістан құрамасымен кездесті. Қорытынды тур біздің құраманың жеңісімен (2,5-1,5 есебімен) аяқталды. ҚР құрамасы 17 матчтық ұпай жинады (8 жеңіс, 1 тең ойын, 2 жеңіліс). Осылайша командалық ойында әйелдер ұлттық құрама командасы 5-орынға тұрақтады. Жеке қорытынды нәтижелері бойынша Әбдімәлік Жансая олимпиаданың 1 тақтасында 9 мүмкін ұпайдан 7 ұпай жинап, 3-орын алды. Бибісара Асаубаева «Әйелдер арасындағы Азияның үздік шахматшысы» атанды. Халықаралық рейтингке сәйкес шахматшылар Олимпиаданың бастапқы тізімінде 10-орында еді. Олимпиададағы біздің шахматшыларымыз орта жастағы ең жас командалардың бірі болып табылады. ҚР әйелдер құрамасы Украина, Грузия, АҚШ, Үндістан сияқты елдерден кейін 5-орынға табан тіреді.

1) Әбдімәлік Жансая (22 жаста) 9 партиядан 7 ұпай жинады.

2) Асаубаева Бибісара (18 жас) 11 партиядан 8 ұпай жинады.

3) Балабаева Ксения (17 жас) 10 партиядан 5,5 ұпай жинады.

4) Нахбаева Гүлісхан (31 жаста) 10 партиядан 6 ұпай жинады.

5) Нұрғали Назерке (18 жаста) 4 партиядан 1,5 ұпай жинады.

Қазақстан ерлер құрамасы, 11 турда Үндістан құрамасының үшінші құрамасына қарсы шықты. Қазақстан шахматшылары үшін 11 тур 2:2 тең нәтижемен аяқталды. ҚР ерлер құрамасы 15 матчтық ұпай жинады (7 жеңіс, 1 тең ойын, 3 жеңіліс) және 17-орын алды. Халықаралық рейтингке сәйкес шахматшылар Олимпиаданың бастапқы тізімінде 40-орында еді. Соған қарамастан, жас шахматшылармен бірге ерлер командасы 17-орынға ие болды. 

Рауан Мутаир
17.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 93
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 86
РУАНДА – ЕЛІМІЗДІҢ АФРИКАДАҒЫ ДОСЫ
Нағашыбай Қабылбек - 28.05.2025 59
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 86
РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ – ҰЛТ ҚУАТЫ
Ш.МЕКЕНБАЙ, Түркістан облысы - 28.05.2025 82
ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 93
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 86
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 86
Ел болашағы –   өз қолымызда
Іңкәр БИТИМОВА - 23.05.2025 279
Бөлінген қаржы қаңғыбас иттен құтқара ма?
Қарлығаш ШАҢҒАРАҚШЫ - 23.05.2025 306
Хоккейшілеріміздің  сәтсіздіктері
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 22.05.2025 282

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13181
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13158
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28277
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 26965
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30455