Джо Байден Брюссельге келді

Джо Байден Брюссельге келді

Байден НАТО көшбасшыларымен кездесу үшін Брюссельге келді. АҚШ президенті Джо Байден мінген ұшақ Брюссельге қонды, ол НАТО елдері басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді деген жоспар бар, – деп хабарлайды  РИА Новости.

Бейсенбіде Байден НАТО елдерінің кезектен тыс саммитіне қатысады деп жоспарланған. Басты тақырып Украинадағы жағдай болмақ. Украина президенті Владимир Зеленский Брюссель саммитіне қатысушыларға бейнебайланыс арқылы қосылып, сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Жұмада АҚШ президенті Польшаға ұшып, келесі күні ел президенті Анджей Дудамен кездеседі. Америкалық Politico газетінде жарияланған мақалада Байден қозғайтын негізгі тақырып ЕО-ның ресейлік мұнай мен газға тәуелділігі мәселесі екені айтылған.

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен отырыс алдында Еуроодақтың "Ресейге тәуелділігін азайтуға" ұмтылуы аясында Еуропалық одақ АҚШ-тан сұйытылған газ жеткізуге мүдделі екенін айтты.

"Мен президент Байденмен алдағы айларда АҚШ-тан ЕО-ға сұйытылған газ жеткізуді қалай ұйымдастыру керек екенін талқылаймын, бұл алдағы екі қыста қосымша жеткізілім бойынша келісімге келу мақсатында", – деді ЕК басшысы Еуропарламенттің жалпы отырысында депутаттар алдында сөйлеген сөзінде.

Еуроодақтағы жоғары лауазымды дереккөз саммитте еуропалық көшбасшылар Ресейдің газға төлемді рубльмен алу талабын да талқылайтынын жоққа шығармады.

Еске салайық, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Еуроодақ пен АҚШ-қа ресейлік тауарларды жеткізіп, төлемді олардың валютасында алудың мағынасы жоқ екенін, газ бойынша төлемдер рубльмен алынатынын айтқан болатын.

24.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 104
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 104
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 623
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 741
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 653
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 662

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8796
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8197
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11424
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9178
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10410