Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетіне берген сұхбатында атап өткендей, оның басты мақсаты — Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыру, мемлекеттік егемендікті нығайту және халықаралық ұстанымды нығайту. Бұл қадамдар елдің тұрақты дамуы, саяси реформаларды жүзеге асыру және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту үшін өте маңызды.
Президенттің сұхбатына қатысты белгілі журналист, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев былайша пікір білдірді.
«Иесі жаман үйге кім келуші еді?» дейтін еді баяғыда ел үлкендері. Сол айтпақшы Қазақстан сияқты біздің елге келіп-кетіп жатқандар көп болса, ол еліміздің жақсылығы, халқымыз бен Президентіміздің жақсылығы! Және де осы күндері біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевпен сөйлесу және келіссөз жүргізу өте пайдалы, әрі әсерлі екендігіне әлем мемлекеттерінің көзі жеткелі қашан! Өйткені Тоқаев адал әр сенімді, көреген және білімді, ойлы, парасатты, кез келген тілді меңгерген Президент! Адамзат мүддесін бәрінен биік қояды және адамзат мүддесін күшпен шешуге болмайтыныдығын тек дипломптиялық жолмен ғана шешуге күш те салып келе жатқан бірден бір Президент! Өйтпесе әлем құрдымға кетуі мүмкін. Қазіргідей дүрбелеңі, дау-жанжалы, қарулы қақтығыстары тыйылмай отырған жағдайда Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент ретіндегі қызметінде сыртқы саясатқа басымдық беріп отыруы аса маңызды, өте орынды деу керек”.
Былтыр 6 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында «Қ.К. Тоқаевтың 3 жылдық саяси реформаларының нәтижелері» атты тақырыпта «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat.» Ұлттық сараптама алаңының отырысын өткізді. Шара барысында талқылауға қатысушылар – мемлекеттік органдар мен парламент өкілдері, жетекші талдау орталықтарының басшылары, тәуелсіз сарапшылар мен қоғам қайраткерлері Қазақстанда соңғы үш жылда жүзеге асырылған саяси реформалардың негізгі аспектілерін, олардың мемлекеттік басқаруды, құқықтық жүйені және азаматтық қоғамды дамытуға ықпалын талқылады.
Талқылаудағы алғысөзінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов Қазақстанда соңғы үш жылда елімізде ғана емес, бүкіл посткеңестік елдерде бұрын-соңды болмаған демократиялық реформалар жүзеге асырылғанын ерекше атап өтті.
«Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өткендей, саяси жаңғыртусыз елдің тұрақты ілгерілеуі мүмкін емес. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында жан-жақты саяси реформалардың жүзеге асуы әлемдік қауымдастыққа Қазақстанды аяғына нық тұрған мемлекет және біздің ауызбірлікті біртұтас ұлт екенімізді білдіретін сигнал. Президент Тоқаев Қазақстанның даму, ілгерілеу және реформалар жолын таңдап жатқанын көрсетті. Бұл оның тарихи миссиясы, ел басшысы ретіндегі жауапкершілігі. Реформалардың түпкі мақсаты – әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыру, еліміздің егемендігін нығайту, демократиялық институттарды нығайту және жаңа саяси дәстүрлерді қалыптастыру», – деді Е.Тұқымов.
ҚСЗИ директоры, сондай-ақ реформалардың түпкі мақсаты әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыру, еліміздің егемендігін нығайту, демократиялық институттарды шыңдау және жаңа саяси дәстүрлерді қалыптастыру екенін баса айтты.
ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Әзімова Әділетті Қазақстан тұжырымдамасы аясында заңның үстемдігі мәдениеті жаңартылып, адам құқықтарын қорғау және құқық қорғау институттарын нығайту саласында кешенді шаралар жүзеге асырылып жатқанын – олардың ішінде қалпына келтірілген Конституциялық сот орталық орын алатынын атап өтті.
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Конституцияның сақталуын қамтамасыз ету бойынша маңызды миссияны жүзеге асырады. Ол азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын тежеу мен тепе-теңдік жүйесінің негізгі элементіне айналды. Сот заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеріп, конституциялық дауларды шешеді, бұл мемлекетіміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің кепілі болып табылады.
Конституциялық Сотты құру оның өз функцияларын тиімді орындауына мүмкіндік беретін тәуелсіздік пен әділдік қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылады. Конституциялық сот қызмет етуі жылдарында заңның үстемдігін бекітіп, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайтуға көмектесетін маңызды нәтижелермен көрінді», — деп атап өтті Эльвира Әзімова.















