Екі мыңнан астам қарағандылық «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасады

Екі мыңнан астам   қарағандылық   «Жасыл ел»   бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасады

Биыл Қарағанды облысында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 2211 адам жұмысқа орналастырылады. XVIII жазғы еңбек маусымының ашылуы 27 мамырға жоспарланып, жастар спартакиадасы форматында өтеді.

2022 жыл Қарағанды облысындағы «Жасыл ел» үшін үлкен өзгерістер әкеледі. Бағдарламаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 289 млн теңгеден астам қаражат қарастырылған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Бұл ретте қаражаттың негізгі бөлігі қалалар мен аудандардың бюджеттерінен бөлінеді, бұл «Жасыл ел» жасақтарына жалақының уақтылы төленуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жаңа еңбек маусымына қатысу үшін 2,5 мыңнан астам өтініш берілді. Нәтижесінде жұмысқа орналастыру үшін 2211 адам іріктелді, – деп хабарлады Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы.

«Жасыл ел» қатарына қабылдау кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан жасөспірімдерге басымдық берілді. Жаңа маусымда қатысушылардың 39%-ға жуығы мемлекет тарапынан ерекше қолдауды қажет ететін жасөспірімдер - бұл «көп балалы, толық емес, аз қамтылған отбасылар», «қандастар» және «жетім балалар» санаттары. Жастарды жұмыспен қамтудың басым бөлігі Қарағанды (350 адам), Теміртау (300) және Бұқар Жырау ауданында (180) қамтамасыз ету жоспарлануда.

– Биылдан бастап «Жасыл ел» бағдарламасы аясында еңбекақы төлеудің жаңартылған моделі қолданылатын болады, оған сәйкес қатысушылардың жалақысы жұмыс істеген сағат санына байланысты 60 мыңнан 90 мың теңгеге дейін болады. Барлық жасөспірімдер спорттық костюм ретінде қызметтік фирмалық киіммен қамтамасыз етіледі, – деп толықтырды жастар саясаты мәселелері басқармасы.

«Жасыл ел» жасағының еңбек маусымы 1 маусымнан 31 тамызға дейін жалғасады.

 

Жомарт Шаймұрат
26.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 18
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 24
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 6
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 11
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 15
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 13
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 26
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 24
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 251
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 246
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 870

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8943
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8335
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11563
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9321
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10547