Экономикасы демографиялық өсімнен кенже қалған

Экономикасы демографиялық өсімнен кенже қалған

Орталық Азиядағы басты қатерді айтқан Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов: «Мен Орталық Азия үшін стратегиялық белгісіздікті ең бірінші орындағы қатерге жатқызар едім. Бүкіл әлемде стратегиялық белгісіздік артып тұр. Бұл базалық тенденция біздің өңірге де әсер етеді. Жалпы, бұл – екіұдай мәселе. Өйткені, бір жағынан әлемнің жылдам өзгеріп жатқаны соншалық, бір ғана буынның басынан іргелі өзгерістер өтіп жатыр. Бұрын мұндай өзгерістер жүздеген жылдарға созылатын. Қазіргі таңда Орталық Азия елдеріне стратегияларын қайта бір пысықтап алу қажет. Мәселен, біз мынау құбылмалы әлемге экономикамызды, саяси жүйе мен қауіпсіздік жүйесін дұрыс бейімдей алдық па? Өз стратегияларымызды дұрыс таңдай алдық па? Егер дұрыс бағыт таңдап, бейімделе алмасақ, «қара аққулар» ғана емес, бұрыннан белгілі болған, бірақ ешкімнің елеуге мұршасы болмаған «сұр мүйізтұмсықтар» табын-табынымен қаптауы мүмкін. Бір ғана мысал: әлемде біздің өңір халқының санын пайызға шаққанда 1 пайыз ғана болса, бүкіл экономикамыздың жиынтық салмағы 0,3 пайыз. Яғни экономика бойынша демографиялық өсімнен кемінде үш есе артта келе жатырмыз. Демек, қазірдің өзінде стратегияларымыз туралы ойлана бастау керек. Жалпы шикізат экспорттаушы модель аяқталып келе жатыр. Оның тиімсіз екенін түсініп отырмыз. Ол біздің ішкі өнімге ары кетсе 1-3 пайыз ғана үстеме қоса алатын шығар. Бұл дегеніміз жаңа құрылымдық реформалар жүргізу қажет екенін көрсетеді», – деген пікірін ортаға салды. 

Ермек Сахариев
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

Балалар суицидінің алдын алу жолдары
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 28.03.2026 64
Ақ пен Қараның тайталасы
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.03.2026 117
Жер қатынастары  жүйесі нені реттейді?
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 67
Кешеннің негізгі мәселелері
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 70

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24056
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23724
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41205
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37128
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41388