Өтіп бара жатқан «Балалар жылына» және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Мөлдір бұлақ» журналы «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» аттышығармашылық байқауының жылдық марапаттау жиналысын өткізді. Балаларға арналған «Мөлдір бұлақ» журналы жарық көрген 20 жыл ішінде бұл шараны дәстүрге айналдырып тұрақты өткізіп келеді. Соңғы 2020 жылы Хакім Абайдың 175 жылдығына, 2021 жылы М.Мақатаевтың 90 жылдығына орайластырып өткізген болатын.
Биылғы іс-шара Алматы қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, Әуезов ауданына қарасты «Жазушылар кітапханасында» өтті.
Марапаттау жиналысын «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлы жүргізіп отырды. «Мөлдір бұлақ» журналы жыл сайын белгілі бір тақырыпта байқау жариялап, жылдың соңында қорытындысын шығарып, үздік оқушыларды марапаттап келеді. Жыл бойы редакция қоржынына елуден аса эссе келіп түсіпті. Оқып шығып, 13 оқушыға орын беруді лайық деп тапты. Бас жүлде – біреу, бірінші орын – үшеу, екінші орын – төртеу, үшінші орын бесеу болды. Жалпы 13 оқушыға жүлделі орындар тағайындалды. Оқушылар диплом және бағалы сыйлықтарға ие болды. Жүлделі орынға ие болған 13 оқушының жетекшілеріне де «Құрмет» грамоталары берілді.
«Qazaqstan dauiri» ЖШС Бас директоры, «Qazaqstan dauiri» газеті, «Мөлдір бұлақ» журналы, «ЕлАна» сайтының басшысы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ журналистикасының қайраткері, аналар мен балалар құқығын қорғаушы Сәуле Мешітбайқызына алғашқы сөз беріледі. Ұжымның жетекшісі Қазақстанның әр өңірінен келген жүлдегерлерге ақ тілегін айтып, газет-журнал оқуға, кітапқа құштар болуға шақырды. Шығармашылық табыс тілеп, жігерлендірді. Осы жылдың ішінде Алматы облысы көлемінде бір мәрте, Астана қаласы бойынша тағы бір мәрте байқау өткізілгенін жеткізді. Осылайша талантты балаларды тауып, шығармашылығына жол ашылды.
Онан соң Қалалық Жазушылар кітапханасының директоры, мемлекеттік «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, үздік кітапханашы, шаңырақтың иесі – Ағайса Елена Жамилқызы сөз сөйледі.
Ұлттық құндылық бәрінен биік тұруға тиіс. Солардың қатарында мазмұны терең, әуені жағымды, сөздері ойлы дәстүрлі әндеріміздің алатын орны тіптен бөлек. Ұлттық құндылықтарымыз бен дәстүрлі әніміздің туын желбіретіп жүрген кәсіби әнші, бірнеше жоғары оқу орнында мәдениет бөлімдерін басқарып қызмет еткен, ұстаз – Ержан Смағұлов екі ән орындап, қонақтарымыздың рухын желпіп, намысын жани түсті.
Осыдан соң жүлделі үшінші орынға ие болған бес оқушыны марапаттау кезегі Ержан Смағұловқа берілді. Олар:
Балтабай Айша Бақтиярқызы (Шу ауданы)
Белгібай Аяжан (Талас ауданы)
Әлпейіш Нұрислам (Алматы қаласы)
Макен Аяулым Қазбекқызы (Алматы қаласы)
Кензат Дамиля (Алматы қаласы)
Жүлделі екінші орынға ие болған төрт оқушыны марапаттауға ҚЖО-ның мүшесі, белгілі жазушы, аудармашы Нұрлан Қами аға шақырылды. Олар:
Бекмұқаш Алуа (Кербұлақ ауданы)
Қазбек Аниса (Шу ауданы)
Сезім Қайрат (Алматы қаласы)
Жұмабек Аяулым Нұржанқызы (Меркі ауданы)
Жүлделі бірінші орынға ие болған үш оқушыны марапаттау ҚЖО-ның мүшесі, «Qazaqstan dauiri» газетінің Бас редакторы Ертай Айғалиұлының еншісіне тиді. Олар:
Манашова Азиза (Орал қаласы)
Игерді Ақтолқын (Еңбекшіқазақ)
Орынғалиева Аяулым Асқарқызы (Аягөз ауданы)
Шығармашылық байқаудың Бас жүлдесіне ие болған оқушымызды марапаттаған мекеменің Бас директоры, Еланасы Сәуле Мешітбайқызы байқаудың мән-мазмұны туралы түсіндіріп, осындай жүлдегерлерді тәрбиелеп жарысқа қосқан ұстаздар қауымына алғыс айтты. Бас жүлдеге ие болған ұстазды шақырып өз қолымен марапатын берді. Бас жүлде алған оқушы – Мақтабай Нұрдәулет Бейсенбекұлы (Меркі ауданы).
Байқаудың нәтижесі бойынша таңдалған және шығармашылық белсенділіктері арқылы көзге түскен төрт оқушыға «Мөлдір бұлақтың» жас тілшісі куәлігі берілді.
Оны тапсыру Қоғам қайраткері, келіндер мен қыздарымыздың ұлттық сипатта өмір сүруіне үлкен насихатшы болып келе жатқан Раиса Қалдыбайқызына және ҚЖО-ның мүшесі, ақын, аудармашы, «Серпер» жастар сыйлығының иегері, «Алтын сақа» баспасының Бас редакторы Саят Қамшыгер мырзаға берілді.
Мақтабай Нұрдәулет Бейсенбекұлы (Меркі ауданы)
Несіпбаев Али Бағдатұлы (Қарасай ауданы)
Игерді Ақтолқын (Еңбекшіқазақ ауданы)
Нуртаева Шырын Нұрланқызы (Аягөз ауданы)
Оқушыларды дайындаған, жүлделі орынға жетуіне бағыт-бағдар беріп, шығармашылықта жетекшілік жасаған ұстаздарды марапаттаудың кезегі редакция ұжымының қызметкерлеріне және арнайы шақырылған қонақтарға берілді. Олар:
Батырбекова Перуза Елубаевна (Меркі)
Арыстанова Ауес Бахтыгуловна (Орал)
Сағындықова Гүлнұр Жұматайқызы (Еңбекшіқазақ)
Алдынгурова Гульжан Қудайбергеновна (Аягөз)
Айнакул Додабекова (Кербұлақ)
Ақшалова Индира Бақытқызы (Шу)
Бекпанова Гүлбазар Ахаевна (Алматы)
Батырбекова Перуза Елубаевна (Меркі)
Жексен Жанар Маратқызы (Шу)
Оразбаева Индира Жандәулетқызы (Талас)
Тлеуберди Акмарал (Алматы)
Мухатова Ботагөз Базарбекқызы (Алматы)
Нуртаева Гульжаухар Нуркелдиевна (Алматы)
Жүлдегерлеріміздің марапаты берілген соң, арасынан өнерлі оқушылар көркем сөз және өлең оқып, шығармашылығымен бөлісті. Қазбек Аниса, Бекмұқаш Алуа, Несіпбаев Али, Игерді Ақтолқын секілді өнерлі шәкірттер көпшіліктің алдында жарқырай көрінді.
Алыстан келген ұстаздар мен ата-аналар арасынан бірнеше адам сөз алып, мектеп пен оқушы, журнал мен оқырман туралы ойларын ортаға салып, «Мөлдір бұлаққа» ұзақ ғұмыр тіледі. Басылымға қолдаушы болатындарын, тұрақты түрде жазылып келе жатқандарын ағынан жарылып айтты.
Жиналысты жинақтай келе, Бас редактор Дәулетбек Байтұрсынұлы марапаттау рәсімін қорытындылады.
Мәжіліс аяқталған соң, жиналған көпшілік қалыптасқан үрдіс бойынша естелік суретке түсті. Толық ақпарат журналдың 2023 жылғы 1-санында жарық көретін болады.