Елде ақпаннан бастап не өзгереді?

Елде ақпаннан бастап не өзгереді?

Ақпан айының бірінен бастап салықтық және кедендік тексерістер қайта басталады. Сонымен қатар, камералдық бақылау да жүргізіледі. Камералдық бақылау нәтижесі бойынша хабарламалар мен салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар да қайта жанданады. Бұған дейін қаңтар оқиғаларына байланысты бизнеске жүктемені төмендету үшін мемлекеттік кірістер комитеті барлық тексерісті 1 ақпанға дейін уақытша тоқтатты. Бірақ кәсіпкерлік субъектілерінің өтінішімен құқық қорғау органдары тағайындайтын тексерістер тоқтаған жоқ. 7 ақпаннан бастап Lufthansa неміс авиакомпаниясы Қазақстанға әуе рейстерін қайта бастайды. Германияның Франкфурт қаласынан Нұр-Сұлтан мен Алматыға аптасына екі рейс орындау жоспарланып отыр. Жолаушылар А330 ұшағымен ұшады. Рейстер Франкфурт – Алматы бағыты бойынша дүйсенбі және бейсенбі, Алматы – Нұр-Сұлтан – Франкфурт бағытымен сейсенбі және жұма күндері жасалады. Lufthansa әуе компаниясы қаңтар айының ортасында Қазақстанға рейстерді уақытша тоқтатқан болатын. Екатеринбургтен Нұр-Сұлтанға рейстер жиілейді Ақпан айында Екатеринбургтің «Кольцово» халықаралық әуежайынан Нұр-Сұлтанға баратын рейстер саны артады. Qazaq Air авиакомпаниясы Қазақстан астанасына қосымша рейс ашады. Рейстер әр сейсенбі сайын орындалады. Жолаушылар De Havilland Dash-8-Q400NG ұшағымен тасымалданады. Айта кетері, бұл әуе көлігіне 86 адам сыяды. Қазіргі таңда Екатеринбургтен Нұр-Сұлтан қаласына рейстер аптасына екі рет – дүйсенбі және бейсенбі ұшады. Оларды Qazaq Air және «Уральские авиалинии» компаниялары орындайды. Қазір Қазақстанға шетелден ұшып келетін барлық жолаушы (вакцина салдырғандарды қоса алғанда) коронавируспен ауырмайтыны туралы ПТР-анықтама көрсетуге міндетті. Құжат мерзімі 72 сағаттан асып кетпеуге тиіс. Бес жасқа дейінгі балалардан анықтама талап етілмейді.

Ермек Сахариев
03.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 55
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 164
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 164
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 308
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 530
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 480

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9182
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8581
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11809
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9578
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10790