Бұл сауалға өзінше жауап берген Ұлттық статистика бюросы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі: «Қазақстанда 2022 жылдың бірінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 285 433 теңге болды. 2021 жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда өсім – 23,7 пайыз, нақты мәнде 12,7 пайыз», – депті. Ведомсвто мәліметінше, өңірлер бойынша ең жоғары орташа айлық жалақы Атырау облысында – 477,9 мың теңге. Солтүстік Қазақстан облысында – 203,4 мың теңге, бұл орташа республикалық деңгейден 28,7 пайызға төмен.