«ЕЛДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІН ӨТЕУ ЖОЛЫНДА АЯНЫП ҚАЛМАЙМЫН», – ДЕЙДІ ЕРЛАН ҚЫДЫРАЛЫҰЛЫ

«ЕЛДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІН ӨТЕУ ЖОЛЫНДА АЯНЫП ҚАЛМАЙМЫН», – ДЕЙДІ ЕРЛАН ҚЫДЫРАЛЫҰЛЫ

Облыс орталығы – Тараз қаласына іргелес Жамбыл ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жоғары. Соңғы жылдары өндіріс саласы қарқынды даму жолына түскен. Оны ауданның экономикалық даму көрсеткішінен аңғару аса қиын емес.

Атап айтсақ, өткен жылы өнеркәсіп саласында 21,2 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, нақты индекс көлемі 103,5 пайызды құрады. Ал өңдеу өнеркәсібінде 19,2 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Ауданда өнеркәсіп көлемін көрсететін негізгі кәсіпорындар «Амангелді ГӨЗ», «Супер Фарм», «Бином», «Винзавод Южный», «Берсанукаев», «Кнауф Гипс Тараз», «Каз Упак Трейд» ЖШС құрап отыр. Осы жылдың І тоқсанында өнеркәсіп көлемі 5,1 миллиард теңгені құрады. Биылға қойылып отырған жылдық жоспар – 22,4 миллиард теңгенің өнімін өндіру. 

Ал алдағы үш жылда аудандағы өнеркәсіп өнімі көлемін 2025 жылға қарай 28 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланған. Яғни «Амангелді ГӨЗ» ЖШС-ның шикізат мәселесі шешімін тапса, жылдық қуаты 180 мың тоннадан 260 мың тоннаға арттырылмақ.


Сондай-ақ жоғарыдағы межеге 50 мегаваттық «АЕК АСА» ЖШС, тігінді емес материалдардан медициналық бұйымдар шығаратын «Ерсад-2021» ЖШС зауытын іске қосу, «ОргСтрой» ЖШС гипстан тамақ қоспаларын дайындау цехы, «КазФос» ЖШСның натрид гексаметофосфатын өндіретін желісін кеңейту арқылы жету көзделуде. «Амангелді ГӨЗ» ЖШС басшылығы тарапынан зауыттың қуатын 300 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндіктері бар екендігі анықталды. Бүгінгі таңда аудандағы кәсіпорындар жүктемесі 65-80 пайыз көлемінде жұмыс істеп тұр. 

Аудан халқы санының артуы тұрғын үй кезегінің өсуіне алып келді. Бүгінде ауданда тұрғын үй кезегіне 1434 адам тіркелген. Былтыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 76 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпбалалы аналарға 5 тұрғын үй, «Бақытты отбасы» бағдарламасы шеңберінде 4 тұрғын үй сертификаты берілген болатын.


Алда 80 пәтерлі 4 үйдің (320 пәтер) жобалық-сметалық құжаты қаржыландыруға ұсынылды. Қосымша 2023-2024 жылдары 2 көпқабатты тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде (160 пәтер). Осы 6 тұрғын үй пайдалануға берілген жағдайда кезектілік 33,5 пайызға төмендеп, 480 адам баспанамен қамтылатын болады. Бұдан бөлек, «Асар» жобасымен 9 тұрғын үйдің құрылысы басталуда. «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 20 маманның тұрғын үй сатып алуы үшін қаржы бөлінді. 

Тұрғын үй салу үшін ауданда жер телімін алуға 11 590 адам кезекке тұрған. Өткен жылы 7 елді мекеннің жаңа тұрғын үй алқабына электр желісін, су, газ тарту жұмыстары жүргізіліп, кезектілікке сәйкес 1081 адамға жер телімі берілді. Биыл Аса ауылында кезекте тұрған 811 адамға жер телімін беру үшін инженерлік-инфрақұрылым жүргізу үшін жобалық құжаттары әзірленуде. 

Бүгінгі таңда ауданда 2,8 миллиард теңгені құрайтын 7 инве стициялық жоба іске асырылуда. Осының аясында 2-і мектептің құрылысы, 3 елді мекенге ауыз су құбыры тартылуда. Аса ауылындағы кәріз жүйесін қалпына келтірілу үстінде, сонымен қатар 13 елді мекенге магистралды газ құбырын тарту, 3 ауылға учаскелік полиция пункті ғимараты құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, 2022-2023 жылдары 5,6 миллиард теңгені құрайтын 11 жобаның құжаттары қаржыландырылмақ.


Ол жобалар аясында Шоқай ауылындағы мектептің, 4 көпқабатты тұрғын үйдің, Аса ауылында теміржол өткелі, Қызылқайнар ауылында 180 орындық клуб және басқа да маңызды нысандардың құрылыстары шешімін таппақ. 2023-2025 жылдары іске асыруға 15 жобаның жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. 

Бүгінге дейін «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде 62 жоба іске асырылып, 183 тұрақты жұмыс орны ашылған болатын. Биыл осы жоба аясында 9 жоба іске асырылғалы отыр. 

Аудандағы 42 елді мекеннің 30-ы орталықтандырылған ауыз сумен, яғни тұрғындардың 82,2 пайызы таза ауыз сумен қамтылған. Қазіргі таңда ауыз сумен қамтуды қажет ететін 12 елді мекен бар.


Биыл 3 ауылда таза ауыз су құбырының құрылысы аяқталса, 4 елді мекен суды тазартудың жеке блок модульдік қондырғыларын орнату арқылы шешімін (Құмсуат, Сеңгірбай, Әулиекөл, Көлқайнар) табады. Нәтижесінде жыл қорытындысымен ауыз сумен қамтылған елді мекен саны 37-ге, қамтылу деңгейі 88 пайызға жетпек. Алдағы жылы 4 елді мекенді, 2024-2025 жылдары «Ақбұлақ» бағдарламасымен 2004 жылы қайта жаңғыртудан өткен Өрнек, Ерназар ауылдарының ауыз су мұнараларын жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 

Көгілдір отынмен қамтылған елді мекендер саны – 2 9 . Магистральды газ құбырының құрылысы аяқталатын болса, тағы 9 елді мекен газбен қамтылғалы отыр, осының нәтижесінде ол 90,5 пайызға жетпек. Осы магистральды газ құбырын аяқтау үшін қосымша 306 миллион теңге қажет. Қалған 3 елді мекенді газбен қамту үшін аудан тарапынан жобалықсметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы бөлінді (Тоғызтарау, Құмсуат, Жаңа Өткел). 

Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 321,6 километр. Биыл 5,2 километр жол жөнделеді. Қалған жолдарды алдағы үш жылда бөліп жөндеу қаралған. Өткен үш жыл көлемінде аудандағы елді мекендерде жалпы ұзындығы 147,8 километрді құрайтын 178 ауылішілік көше жолдары жөндеуден өткізілді. Биыл 15 елді мекеннің жалпы ұзындығы 39 километрді құрайтын 32 ауылішілік көше жолдары жөнделмек. Қалған жылдары да жол жөндеу жұмыстары жоспарлы түрде жалғасын табатын болады.

Бүгінгі таңда аудандағы электр желілері мен трансформаторлардың 50 пайыздан астамының тозығы жеткен. Өткен жылы аудандық бюджет есебінен 6 елді мекеннің 6 көшесі жарықтандырылды, бұдан бөлек, 6 ауылдағы 11 көшесінің бағаналары мен желілері ауыстырылды. Биыл 5 елді мекеннің 7 көшесі жарықтандырылады. 4 елді мекеннің ауылішілік бағаналар мен желілері ауыстырылады. Аса, Шайқорық, Жұма стансаларында электр энергия төлемі жоғары болуына байланысты Теміржол тұйығынан ажыратып аудандық электр торабына қосу мақсатында жобалық құжаттары әзірленуде. 

Ауданда 5842 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Оның ішінде тұрақты жұмыс істеп тұрғаны 4977 субъект. Олардың үле сі 85,1 пайызды құрады. Бұл салада 7105 адам жұмыс атқаруда. Өндірілген өнім көлемі – 50,4 миллиард теңге. Мемлекет тарапынан ұсынылатын қаржы институттарының қолдаулары арқылы 68 жоба несиелендірілген. Ашылған жұмыс орындары 591 бірлікті құрады. 

2022-2025 жылдар аралығында 107 шағын жобаны жүзеге асыру тізілімі белгіленген. Жобалар құны 3,1 миллиард теңгені құрайды. Жаңадан 380 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. 

Инвестиция тарту мәселесі тұрақты бақылауға алынған. Аудан тарапынан 2013-2021 жылдар ара лығында инве стициялық жобаларды іске асыруға «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-на 407 гектар жер телімі берілген. Сонымен қатар ауылшаруашылық саласын дамыту бағытында ауданның жер қорынан 500 гектар жер беруге мүмкіндігі бар. Шағын цехтарды ашуға басымдық берілуде. Ағымдағы жылы аудан әкімі мен ауыл әкімдері арасында әр округтен тамақ өндірісі бағытында бір шағын цехтан ашу индикаторы бекітілді. 

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында 53,5 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, нақты индекс көлемі 100,4 пайызды құрады. «Аса Агро» ЖШС тауық еті бағытындағы фабрикасының 4,5,6 корпусын, «Аса Даму» ЖШС құс фабрикасы 4 корпусын,

«АлелАгро» ЖШС құс етін сою зауытын, «АТБ» шаруа қожалығы мал бордақылау алаңы мен тауарлы сүт фермасын, «Genezis» ЖШС көкөніс өңдеу цехы мен жылыжай кешенін, «Жамбыл ЕТ-МС» мал бордақылау алаңын іске асыру және игерілмей жатқан жерді қайта айналымға қосу арқылы ауыл шаруашылығы өнімі көлемін 53,5 миллиард теңгеден 2025 жылы 72,4 миллиард теңгеге жеткізуді көздеп отыр. Ауданда жалпы алаңы 9,12 гектар алқапқа жылыжай орналастырылған. Жұмыс істеп тұрған жылыжайлардың 1-еуі фермерлік, 2-еуі өнеркәсіптікке. 1,1 гектарға қияр отырғызылып, одан 52,5 тонна өнім жиналған. 8,02 гектарды алып жатқан 84 жылыжай қайта жөндеуді қажет етеді. 

Ауданда жалпы алаңы 42400 шаршы метрді (сыйымдылығы 37 829 тонна) құрайтын 113 қойма бар. Бүгінгі таңда қоймаларда 1 375 тонна сәбіз сақталуда. Алдағы үш жылда сыйымдылығы 1560 тонналық 4 жеміс және көкөніс қоймасын салу жоспарлануда. 

«Жамбыл облысы тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасын одан әрі іске асыру Өрнек ауылдық округі бойынша жоспарлануда. Бүгінгі таңда 67 аула 250,5 миллион теңге несие алса, 47 аула 1 639 бас мал алып отыр.

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым – 174 889, елді мекен жайылымы – 30 512, орман қоры жайылымы 64 564 гектарды құрайды. Ауылдық округтеріне қоғамдық жайылым үшін 14 819 гектар берілді. Жетіспейтін жайылым көлемі 87 100 гектарды құрайды. Биыл босалқы жер қорындағы 3 770 гектар жайылымды елді мекенге қосу, 5 километр радиуста орналасқан 10 929 гектар жайылым жерді елді мекенге бекіту, игерілмеген 2 500 гектар жайылым жерді қайтару жоспарланған. 

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша 2022 жылға жасалған жоспарға сәйкес жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 3 833 адам қатысу көзделген. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға – 115, кәсіптік білім беруге – 19, электрондық еңбек биржасы бойынша оқытуға – 104, грантпен – 289, бастау бизнеспен оқытумен 325 адам қамтылатын болады. Ауданда 2022-2025 жылдарға арналған жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы жасалынған. 

Ауданда өткен жылы 6 мектеп күрделі жөндеуден өткізілсе, аудан орталығындағы 3 мектепке дабыл қаққыш жүйесі орнатылып, мамандандырылған күзет қызметіне қосылды. Биыл Айшабибі ауылындағы 300 орындық мектептің құрылысы аяқталады. Ал Шоқай ауылында 150 орындық мектеп құрылысы басталады. «Жомарт түлек» жобасы шеңберінде 47 жоба іске асырылады деп жоспарланса, бүгінгі таңда оның 15-і іске асырылған. 

Денсаулық сақтау саласы бойынша биыл Қаракемер ауылында 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде Қызылқайнар, Айша бибі ауылдық дәрігерлік амбулаториялар күрделі жөндеуден өткізіледі. Алдағы уақытта Аса ауылындағы орталық аурухана мен Өрнек ауылдық дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеуден өткізу, 9 елді мекенде жаңа медициналық пункт соғу қажеттілігі туындап отыр. 

Биыл Айшабибі ауылдық мәдениет үйін жөндеуден өткізу қаралған. Бұдан бөлек, алдағы үш жылда Қызылқайнар ауылынан мәдениет үйін салу, аудандық және Тастөбе, сондай-ақ басқа да бірнеше мәдениет нысандарын күрделі жөндеуден өткізу және соғу жоспарланған.

Өткен жылы 6 елді мекенде шағын футбол алаңы, 3 ауылда балалар ойын алаңы мен 1 елді мекенде «Street workout» алаңшасы орнатылды.

Биыл 6 елді мекеннің шағын футбол алаңының жасанды төсемі ауыстырылады, 1 ауылда балалар ойын алаңы орнатылады.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде 2022-2023 жылдары 5 елді мекенде спорт кешенінің құрылысы жүргізілмек. 

Аудан халқының 22,8 пайызын немесе 19438-ін жастар құрайды. Жыл басынан бері 60 NEET жас бар, 312 жұмыссыз жас тіркелген. 107 жас «Бастау Бизнес» жобасымен оқытылса, 53 жас шағын несие, 258 жас қайтарымсыз грант иесі атанған. 100 жас «Жасыл ел» жасақтары қатарына алынған. Волонтерлармен І тоқсанға 88 жұмыс атқарылды. Қамтылған еріктілер саны – 1584 жас. Бүгінгі таңда «Жамбыл жастары» клубы жұмыс істеуде. Аудандағы жас кәсіпкерлер саны – 304. Алдағы жылдарға қойылып отырған басты міндеттер жұмыссыз жастардың санын 1,8 пайыздан 1,6 пайызға төмендету. 

Алдыға қойылған өңірдің даму бағдарламалары осымен тоқтап қалмақ емес. Барлық сала бойынша жоспарлы жұмыстар өз нәтижесін табатын болады. Жоспарланған жобалардың игілігін ел көреді. Халық қажетін өтеу жолында аянып қалмаймын.

Ерлан ҚЫДЫРАЛЫҰЛЫ, аудан әкімі.
23.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 91
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 94
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 203
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 207
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 421
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 384
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 1003

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9078
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8476
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11704
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9467
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10685