Елдің үш қаласында интернет-алаяқтар қолға түсті

Елдің үш қаласында интернет-алаяқтар қолға түсті

   Polisia.kz: «Осы жылдың сәуір айынан бастап Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен талайды сан соқтырған интернет алаяқтарды құрықтау бойынша жүргізілген арнайы іс-шара сәтті аяқталды. Жеңіл жолмен ақша табуды мақсат еткен әккі алаяқтар қолға түсті. Естеріңізде болса, өңірімізде өткен жылдың қараша айынан бастап тұрғындарға белгісіз біреулер телефон арқылы хабарласып, «жақының есірткі затымен ұсталып тұр, оны жазадан босату үшін біз айтқан есепшотқа дереу қаражат аударуыңыз керек» деп үрейлендіріп, алаяқтық жолмен қаражаттарын жымқырып келген қылмыскерлер пайда болған болатын. Осы күнге дейін ұқсас фактілер бойынша облыс аумағында 32 қылмыстық іс тіркеліп, жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 24 миллион теңгеге жуықтады. Әккі алаяқтардың қылмыстық іс-әрекеттерін әшкерелеу мақсатында Полиция департаментінің білікті қызметкерлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу амалдары басталды. Тергеу нәтижесі жинақталған айғақтармен алаяқтық тәсілдердің дәлме-дәл ұқсастығын және бұл қылмыстардың барлығы белгілі бір қылмыстық топпен жасалғандығын көрсетті. Жедел-тергеу тобы алаяқтардың іс-әрекеттерін дәлелдейтін айғақтардың жеткілікті деңгейде жиналғандығын назарға ала отырып, 15 шілде күні бір мезетте еліміздің үш облысында, яғни Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында арнайы іс-шара өткізді. Іс-шара барысында әр облыста бір-бірімен сыбайласу арқылы алаяқтықпен айналысып келген 8 адамнан құралған қылмыстық топ құрықталды. Алаяқтардың мекен-жайын тінту барысында қылмыс құралы ретінде қолданылған 17 ұялы телефон, бейтаныс тұлғалардың атына жасырын тіркелген 15 абоненттік нөмірлер, 60 азаматтың ЖСН, аты-жөні жазылған тізім, ақша айналымдарын тіркеген блокнот анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленді»,— деген ақпарат таратты.

Ермек Сахариев
27.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 74
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 75
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 184
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 188
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 403
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 366
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 985

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9061
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8458
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11685
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9447
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10665