ЕЛДОС СМЕТОВ ЕЛІНЕ АЛТЫННАН ШАШУ ШАШТЫ!

ЕЛДОС СМЕТОВ ЕЛІНЕ  АЛТЫННАН  ШАШУ  ШАШТЫ!

   Міне,нағыз ҚАЗАҚИ мінез!

   Міне,нағыз ҚАЗАҚИ арман!

   Міне,нағыз ҚАЗАҚИ мақсаткерлік!                                                                         

   Міне,нағыз ҚАЗАҚИ күрес!

       Осының бәрі - дзюдо шебері Елдос СМЕТОВТЕ болды!  Еліне  сонау Парижден АЛТЫННАН ШАШУ  ШАШҚАН  сол Елдос  СМЕТОВ!!!  Айналайық Елдосынан!

   ...Сонау Рио төрінде күміс алып қалғанда лапылдап құшақтаған бізді "жерге түсіріп": "Аға,Олимпиаданың алтынын алмай қоймаймын!" деп еді жанары жарқ етіп.  

   ...Токиода қола болды.  Жылдар өтіп жатыр...   Азамат екен,айтқанын орындады:  Уәдеге берік болсаң қазақтың Елдосындай берік бол!  Уәдеге берік болсаң Қазақтың азаматындай берік бол!  Сол елдің ұлы болғанымызға ризамыз.  

   Айналайын халқымыз!  Енді АЛТЫННАН  ШАШУДЫ  БІЗ  ЕЛДОСҚА  ШАШАЙЫҚ!!!   Ол сондай шашуға лайық ҰЛ!  Бәріңіздің ұлдарыңыз ЕЛДОСТАЙ бола берсін!!! 

   ...Әттең,өзінен кейін күрестен 40 жыл чемпион шықпағанына жылап-жылап  кетіп еді жан досымыз Жақсылық Үшкемпіров.  Ештеме етпес,Жақаңа да рухы арқылы жетіп жатқан шығар.  Бір аунап түсіп жатсын Жақсылығымыз.  Ол күнге жеткізген де ҚАЗАҚТЫҢ  ҰЛЫ  ЕЛДОС !!!

Несіпбек Жүнісбаев
28.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540