Елдостың мәрттігі жұртты таңғалдырды

Елдостың мәрттігі жұртты таңғалдырды

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов журналистерге берген сұхбатында елге келгеннен кейін сыйлықтарын қайда жаратып жатқанын айтты. Оған Жамбыл облысының әкімдігі мен жергілікті демеушілер бірігіп, су жаңа Lexus LX 600 көлігін мінгізген еді. Елдос бұны әкесіне беріпті. 

Олимпиада чемпионы бизнесмен Жұмабек Жанықұлов берген Mersedes көлігін өзі мінбекші. Мемлекеттік нөмірі Елдостың өнер көрсететін салмағымен бірдей (060) екен. Балуанға Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы жерлестері де Haval 6 көлігін сыйлаған болатын. «Бұл көлікті мені бес жасымнан бастап тәрбиелеген, спортқа махаббатымды оятқан Ахмет Жұмағалиға сыйладым. Ол кісінің жасы қазір 74-те», – дейді Елдос Сметов. Сонымен қатар Жамбыл облысының әкімдігі демеушілермен бірлесіп, чемпионға бес бөлмелі пәтер беріпті. Оны өзіне қалдырған. Ал екі бөлмелі пәтерін жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевке сыйлаған. Жамбыл облысының дзюдо федерациясының президенті берген арыстанның терісін спортшы досына тарту етіпті. Ал әнші Төреғали Төреәлі сыйлаған көлік қазір Шымкентте екен. Ақтөбелік кәсіпкер Әнуар Маханов берген 100 жылқыны Елдос екінші ағасына бергенін баяндады. «Қарға басып жейді, сұңқар шашып жейді» дегендей, әлем чемпионы Елдос Сметовтің мәрттігі жұртты таңғалдыруда. 

Мақұлбек БІЛӘЛБЕКҰЛЫ
05.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540