Елге таза атом энергиясы өте қажет

Елге таза атом энергиясы өте қажет

     Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанға таза атом энергиясы өте қажет екенін айтып, экономиканы түсінбейтін популистердің жетегінде кетпеуге шақырған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Энергиямен жабдықтау жүйесі жұмысында тұрақты үзілістер байқалады. Мысалы, жақында еліміздің оңтүстігі электр қуатынсыз қалды. Біз ішінара көршілес мемлекеттердің энергетика жүйесінің жұмыс сапасына тәуелдіміз. Елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері шұғыл түрде шешілуі тиіс. Былтыр дизель отыны, ұшақ жанармайы, сұйытылған мұнай газы, электр энергиясы тапшылығы болды. Бұл дұрыс жоспарлау, бақылау жоқтығынан және жеке тұлғалар әрекетінен болды. Бүгінде сатылымға шығаратын газ тапшылығы қаупі бар. Былтыр «Қазақгаз» ойланбастан жаңа өнеркәсіптік нысандарды газға қосуға мораторий енгізді. Соның салдарынан бірқатар өңірде жаңа жобаларды, оның ішінде жоғары технологиялық және экспортқа бағытталған жобаларды жүзеге асыруға газ жоқ. Жауапты тұлғалар атом электр станциясы құрылысына қатысты сұрақтарға дипломатиялық жолмен жауап беруден неге жалтаратынын түсінбеймін. Ашық айту керек қой: таза ядролық энергиясыз біз инвестицияны айтпағанда, бүкіл экономикадан айырыламыз. Аймақтағы көшбасшылықты жоғалтамыз. Бізге таза ядролық энергия өте қажет. Экономиканы түсінбейтін популистердің жетегінде кетуге болмайды. Атом энергетикасының маңызын кәсіби түрде түсіндіру қажет», деп мәлімдеді.

Ермек САХАРИЕВ
09.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 197
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 304
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 524
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 475

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9179
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8578
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11806
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9575
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10785