Еліміздің 19 клиникасында МӘМС бойыншаЭКҰ өтуге болады

Еліміздің 19 клиникасында МӘМС бойыншаЭКҰ өтуге болады

 

 

2022 жылы 7,4 млрд теңгеге жуықэкстракорпоралды ұрықтандырудың 7 мыңциклін қаржыландыруға қарастырылғанӘлеуметтік медициналық сақтандыру қорындаатап өткендейбиыл бұл қызметтерді МӘМС аясында елімізде 19 медициналық ұйымкөрсетеді.

 

Қор 2022 жылы ЭКҰ бойынша қызмет көрсетуге Қазақстанның 7 өңірінде 19 медициналық ұйыммен шарттар жасасты (Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстары). Ең көп жеткізушілер Алматы қаласында – 6.

Естеріңізге сала кетейік, «Аңсаған сәби»бағдарламасы 2021 жылдан басталды. Ол ЭКҰ-ға квоталар санын көбейтуге мүмкіндік берді. Егер 2020 жылы шамамен 1 млрд теңгеге 1 033 ЭКҰ қызметі өткізілсе, 2021 жылда бағдарламаны іске асырудың арқасында олардың саны 7 000 қызметке дейін өсті (қаржыландыру сомасы – 6,7 млрд теңге)Ал 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 5,8 мың ЭКҰ циклі өткізілді.

 

МӘМС ЕСЕБІНЕН ЭКҰ-ДАН ҚАЛАЙ ӨТУ КЕРЕК?

1. Пациент МӘМС шеңберінде қосалқы репродуктивтік технологиялар бойынша қызмет көрсететін медициналық ұйымды өзі таңдайды.
2. Осыдан кейін жоғары технологиялық медициналық қызметтер (ЖТМҚ) комиссиясының қорытындысын алу үшін тіркелген жері бойынша өзінің учаскелік дәрігеріне жүгінеді.
3. Учаскелік дәрігер пациентті бедеуліктен зардап шегетін диспансерлік науқастардың электрондық тіркеліміне (ДНЭТ) енгізеді.
4. Тиісті тексеруден кейін және 12 ай ішінде бедеуліктің себептері анықталғаннан кейін бейінді маманның қорытындысы негізінде учаскелік дәрігер МӘМС есебінен қосалқы репродуктивтік технологияларды жүргізу туралы мәселені шешу үшін пациенттің құжаттарын жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі комиссияға жібереді.
5. Оң шешім қабылданған жағдайда пациент толық құжаттар пакетін қоса бергеннен кейін, келесі қадамдар емдеуге жатқызу бюросы порталында жүргізіледі. Пациентке қызметтерді алудың басталу күні мен уақыты хабарланады.
6. Бедеулікті емдеуде ҚРТ технологияларын пайдалана отырып қызмет көрсеткен медициналық ұйымдар деректерді медициналық ақпараттық жүйеге енгізеді.

 

Егер сізде сұрақтар туындаса, оларды Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне хабарласу арқылы, өз емханаңызда қоя аласызСізге жергілікті жерде көмек көрсетілмесеӘлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы өтініш жібере аласызfms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

Дәл осы құралдар сақтандырудың күйін тексеруге мүмкіндік бередіСондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР egov.kz электрондық үкіметінің сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінен«Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те аударылған сомалар туралы ақпарат»мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады.

28.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 16.05.2024 54
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 150 МЫҢ ДАНА АРНАЙЫ КИІМ ТІГЕТІН ФАБРИКА САЛЫНЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 24
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ КӨКПАРШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 14
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРГЕ» ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНАН БІЛІКТІ КАДРЛАР ШАҚЫРЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 17
СОЗАҚТА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ 210 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛГЕН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 16.05.2024 24

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1517
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7553
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11430
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7592
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7752