Еліміздің өз «ауылордасы» неге жоқ?

Еліміздің өз   «ауылордасы» неге жоқ?

«Qazaqstan dauiri» газеті соңғы жылдары «Ауыл– ел бесігі» экспедициясын жүргізіп, қазіргі ауылдың келбеті мен мәселесін көтеріп келеді. Сонда бір байқағанымыз – бүгінгі тәуелсіз Қазақстанға тән ауыл тұрпатының жоқтығы. Біздің ауыл деп жүргеніміз кеңестік ауыл екен. Осы тұжырымды жуырда белгілі қоғам  қайраткері, мәдениеттанушы Серік Ерғали өзінің «Күн- ауыл» жобасына арқау етіпті. Бұл жоба бізді тәнті етті.

Қатысушы:Elserik/зертхана — УикипедияЖобаның мақсаты – Қазақстан ауылдарын жаңа тұрпатта дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны ұсыну және жүзеге асыру. Жобаны одан әрі нақтылау мен дәйектеу мемлекеттік тараптан жасалатын қолдау мен құзырға тәуелді. Сондықтан бұл бастамалық құжат мемлекеттік және қоғамдық тараптың бірлесе отырып атқаратын жол картасы ретінде қаралуы тиіс. Сонымен жобаның мазмұнын бере отырып, оның өзімен таныстыра кетуді жөн көрдік. Жобаның нәтижесі елімізде жүздеген ауылордалар – агломерациялар қалыптасуы керек екен. «Ауыл» не «кент» демей, арнайы «ауылорда» атауын автор ұсынып отыр.

СӘУЛЕ МЕШІТБАЙҚЫЗЫ

Кеңестік ауылдар ауылшаруашылығы толығымен қалыптасып, аграрлық елдің басты әлеуметтік -  ауылшаруашылық  бесігіне айналып үлгерген-ді. Соның нәтижесінде қазақ ұлты демографиялық жағынан өз саны мен сапасын біркелкі деңгейде, кей жағдайда даму сатысына шығарды.

Кеңестік ауыл үш тараптан тұратын құрылыммен ұсталды: ауылдық кеңес – билік көзі, парторг – идеология көзі, совхоз-колхоз – шаруашылық көзі. Осы үштаған тарихи өзін ақтаған агломерациялық келбетін тұтастырған құрылымдар болатын. Қазақстанның тәуелсіздік алуы жағдайында бұл мемлекеттік іргетасқа назар аударылған жоқ, бұны сақтаудың қаншама мүмкіндігі мен бастамасы жасалса да, ауылдық мекендерді елді жаңа тұрпаттағы экономика қалыптастыруға кедергі, мұсалдат құрылым ретінде аталған әлеуеттер мен ресурстар тәрк етілді, оларды жаңа жағдайға бейімдеу мен дамыту жеткілікті қолға алынбады, сәйкес үлгісі жасалмады.

«Күн-ауыл» жобасы

Қазақстанның бүгінгі ауылдық келбеті мен тұрпаты замандастырылған талапқа сай тұжырымдалмаған. Соның кесірінен ауылдың бүгінгі ахуалы мүлдем керағар және уақыт өткен сайын ауылдық мазмұн мен форма жойыла түсуде. Ауыл мәселесі бойынша қолға алынған шаралар мен саясат қанағаттанарлық емес әрі мәселені түпкілікті шешуге қауқарсыз екені мәлім болып отыр.

Жалпы ел егемен болғалы ауылдық мекендер шығын көзі ретінде, біржақты түрде,  нарыққа икемсіз әлеуметтік мұсалдат әкімшілік бөлініс есебінде қаралып, ұсақ ауылдарды жаппай жабу қолға алынды. Бұның салдарынан ауылдық       әлеуметтік босқындық үдерісі туындап, олардың тұрғындары жаппай қала типті кенттер мен қалаларға қоныстануға мәжбүр етілді. Ауыл тұрғындары психологиялық-әлеуметтік дағдарыс пен тұйыққа тірелген жағдайларды бастан кешті. Бұл үдеріс «қызыл» Қазақстан жағдайындағы малшы қазақтарды зорлап отырықтандыру саясатымен парапар тағы бір тұрпайы да халыққа жағымсыз науқан болды. Бұл жолы енді жаппай отырықтандырудың орнын, керісінше жаппай қалалықтандыру басты. Соның кесірінен бұрынғы өз әлеуетін өзіне жұмсап, әлеуметін тиянақты дамытумен келген қалаларға әлеуметтік күш түсіп еселенді, әлеуметтік босқындық мыңдаған әлжуаз жанұялар мен азаматтардың ахуалын құлдыратты, осының бәрі елдің экономикасы мен әлеуетін рәсуә етіп, мемлекет тарапынан жұмсалған шығын ақталмай, ұсақ ауылдарға жұмсалатын шығыннан да артық кері салдары туындады. Кейбір қалалар жасанды түрде іріленіп, өзін ақтамайтын мегаполиске айналуда.  Орта-ұсақ ауылдар жойылу кесірінен дамыған қалаларға шамадан тыс әлеуметтік күш түсті.

Әлеуметтік бұл босқындықты «урбанизациялық үдеріс» ретінде мойындау мәселенің себебін бүркеу болып табылады. Ел бюджетінен жұмсалған миллиардтаған қаржылар қалалардың дамуына емес, әлеуметтік босқындық мәселесін шешуге мәжбүрлеуде. Бұнымен бірге кең аумақтар жансыз, тіршіліксіз, айдалаға айналды. Бұның салдары сыртқы саяси көз аларту мен ел қауіпсіздігіне кері әсері бар қитұрқылықты туғызуда. 

Оның есесіне ауылдарды жоймай, оларға түрлі мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасы жасалмады, жасалғаны қаржылық жағынан талан-тараж болды.  Бүгінгі қазақ ауылы амалсыздан күн көретін мекендерге айналды.

Осы айтылғандар мен басқа да факторларды ескеріп, ауылдық мекендер мен тұрғындарды жаңа жағдайға көшіретін әрі даму сатысына көтеретін, қордаланған мәселені түпкілікті шешуге жеткізетін жаңа тұрпаттағы ауыл үлгісін мемлекеттік тұрғыдан қолға алу қажет. Бұған саяси алғышарт – Президент Қ.К.Тоқаевтың 2020 жыл 2 қыркүйектегі "СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ" атты халыққа Жолдауы. 

Әкімдер ықпалды адамдардың ығына жығылып отыр»: Тоқаев жайылым жерлер туралы

Бұл жобаның шынайы мазмұны – ауылдық агломерация, нақтырақ айтқанда, ұсақ ауылдардан біріктірілген іріленген заманға лайық ауылдық мекендерді қалыптастыру. Бұл агломерацияның басты бағыты – ауылдық тұрғындарға жайлы тіршілік көзін ашу, әлеуметтік мәселені өз бетімен шешуге бейім қауымды жүйеге сала қалыптастыру, ауылшаруашылығын барынша тиімді жолдармен дамытуға, жер ресурсын мейлінше әділ әрі нәтижелі шаруашылық көзі ету сатысына шығару; қоғамда ушыққан жер тақырыбын күн тәртібінен нәтижелі шешім ретінде ығыстыру.  Ауылдық агломерацияны қазақы түрде «ауылорда» атап отырмыз. Бұларды минимал мақсат ретінде қарай отырып, максимал мақсат – ауылдық агломерацияны елдегі қордаланған әлеуметтік мәселелердің шешілу инстанциясы деңгейіне жеткізу, Қазақстанды сәулетті аграрлық ел тұрғысына шығару. 

Бұдан әрі аталмыш жобаны барынша түсінікті түрде елестету үшін оларды жіктеп қысқаша сипаттап өтейік.

І. Ауылдың тұралауынан туындайтын кеселдер:

1. Табиғи халық өсімі кемиді;

2. Әлемдік сұранысқа ие табиғи азық түрлерінің орнын жасанды азық әзірлеу өнеркәсібі басады;

3. Ауылдық атакәсіп дағдарады, жойылады;

4. Ұлттық құндылықтар маңызы мен мазмұны тұйыққа тіреледі;

5. Ұлттық генофон әлсірейді;

6. Ұлттық демографиялық сан мен сапа әлсірейді;

7. Әлеуметтік жағдай ушыға түседі;

8. Ұлттық мәдениет пен өнер көзі бітеледі, даму сатысы құлдырайды.

 

ІІ. Ауылды дамытудың  ерекше сипатына  қажет күтілетін  нәтижелер:

1. Ауылдық мекенді әлеуметтік ахуалды шешу көзі  болуының ықтималдығы;

2.  Ауылдық туризм мен атакәсіпті сақтау,  дамыту ықтималдығы;

3. Ауылшаруашылығының интенсивтік даму мүмкіндігінің болуы;

4. Ауылдық агломерация ауылшаруашылық өнеркәсібінің ошағы мүмкіндігі;

5. Ауылдық жұмыс орындарын ашу мүмкіндігінің зор екендігі;

6. Ауылдық агломерацияның әлеуметтік әлжуаз топтарды топтастыра отырып, мәселелерін барынша тиімді түрде шешу ықтималдығы;

7. Ауылдың ұлттық мәдени бесік болуға ықтималдығы;

8. Агломерацияның демографиялық дүмпуге зор үлес қосу ықтималдығы.

9. Шетелдік қазақтарды елге тарту мәселесінің сырқаусыз шешілуіне үлес қосу мүмкіндігі;

10. Агломерацияның қазақ ұлтының құндылығы есебінен қазақстандық ұлттың жымдасу мен дау-жанжалсыз өмір кешуге жол ашу мүмкіндігі;

11. Агломерация ел халқының кемінде 40 пайызының өміріне тікелей қатысты және ауылшаруашылығының жаңа тұрпатын орнықтыруға арналған.

 

ІІІ. «Күн-Ауыл» агломерациясының қысқаша сипаты:

• ауылда кемінде 3 мың – 10 мың /500-2000 жанұя/ тұрғын тұрады;

• әлеуметтік әлжуаз топтардың (көпбалалы аналар, жартылай жанұялар, мүмкіндігі шектеулі жандардың) тұруға мүмкіндік пен оларға тиісінше жағдай, жұмыс орындары ашылады;

• жетім жастардың аяққа тұруына алғышарт жасалады: үй, жайлы жатақхана, жұмыс, мәдениет пен өнер, спорт кешендері;

• атакәсіпті сақтау мен дамыту бағыттарына басым назар аударылады;

• агломерацияға тән коммуналдық шаруашылықтар кешені орнатылады: су, кәріз, орталық жылу мен қуат;

• агломерация іштестірілген 4 аймаққа жіктеліп жасақталады:

֍ тұрғын алабы – «Күн-алап»;

֍ орман-тоғай, бау-бақша, саяжай аймағы – «Күн-шапақ»;

֍ өнеркәсіп аймағы: мал бордақылау, қасапхана, диірмен, элеватор, ауыл өнімдерінің цехтары, т.т. – «Күн қызуы»

֍ мал жайылымы, егіс алқабы – «Күн жылуы»

• әкімдер сайланады;

• ауылдық мәслихатты электорат жасақтайды;

• муниципалитет/ауылдық меншік орнығады;

• әрбір ауылорда жергілікті өзін-өзі ауылдық басқару бірлігін құрайды;

• ауылдың мемлекеттік тұрғыда заңмен/жарлықпен бекітілген ережесі болады.

 

ІV. Агломерацияда орнығатын  шаруашылық меншік түрлері:

• жекеменшік;

• мемлекеттік меншік;

• аралас меншік;

• ұжымдық меншік.

 

V. «Күн-Ауыл» бағдарламасының қаржылану көздері:

• бюджеттен;

• коммерциялық тараптан;

• краундфандинг түрінде;

• коммерциялық емес тараптан.

 

VІ. «Күн-Ауыл» жобасын жүзеге асыру  құрылымдары.

• Бұл жоба үшін арнайы Ауыл министрлігі құрылуы тиіс;

• Жобаның нәтижесі ретінде барлық коммуникациямен жарақтанған ауылордалар пайда болуы қажет;

• Жобаны қоғамдық тараптан қолдау операторы ретінде «Күн-ауыл» қоғамдық-коммерциялық альянсын құру.

 

VІІ.  Ауылорданың басты құжаттары.

• Ауылорданың бас жоспары болады;

• Әрбір ауылордаға тән төлқұжаты болуы міндетті;

PS: Қоғам қайраткері Серік Ерғали бауырымыз кезінде Наурыз мерекесін қалай тойлау жөнінде тұшымды ойларын, жоба-жоспарларын ортаға салған. Серіктің бұл жобалары  республика көлемінде біртіндеп жүзеге асып жатыр. Ал енді Ауыл туралы жобасы да өміршең екендігі бірден көзге ұрып тұр. Ойды ой байытады. Оқып, пікірлеріңізді айтыңыздар, ағайындар!

Серік Ерғали
16.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 181
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 175
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 685
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 806
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 719

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8875
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8270
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11498
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9254
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10481