Көктемнің келуімен қардың еруі салдарынан өңір- лерді су алу қаупі туындап отыр. Осыған байланысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірігіп, Нұр-Сұлтан қаласында 144 379 м3 еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізді. Деген- мен, еріген қар суы мен жаңбыр суын үнемі сорғызып отырғаннан гөрі, жиналған су дер кезінде тазартылып отыруы керек. Айнала суға толып, батпаққа батып жат- пауы үшін арнайы шаралар жасалуы керек.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қар суы мен жауын-шашын көп болған кезде су басу қаупі туындайтын бірқатар проблемалық учаскелерде төтен- ше жағдай болдырмас үшін көше бойларында суағар- ларды көптеп салу мен нөсер кәріздерінің қуатын арт- тыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
– Елорданың күн санап көркейіп келе жатқанын ескерер болсақ, нөсер кәрізінің құрылысы өте өзекті бағыт болып саналады. Қазіргі қолданыстағы нөсер кәріздерінің қуаты аздық ететіндіктен жаңаларын салу бойынша жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Нөсер кәріз- дерінің бір бөлігі салынып болды, – деді Алтай Көл- гінов. Әкімнің айтуынша нөсер кәрізі мен жаңбыр суын тазартатын қондырғының көлемін, қуатын кеңейту бой- ынша жұмыстар жүйелі түрде жүріп жатыр. Бұл қон- дырғының ерекшелігі – Есіл өзеніне жаңбыр мен ері- ген қар суы құйылар алдында тазартылады. Ал бұрын лай су өзенге тікелей құйылып, өзен суын ластап қана қоймай, қаланың экологиясына да теріс әсер ететін. Алғашқы тазарту қондырғысы өткен жылдың күзінде іске қосылды, ал биыл абаттандыру жұмыстары аяқта- лады. Тазарту қондырғысы жер астына орнатылған- дықтан, оның үстіне гүлзар отырғызып, маңайы көгал- дандырылмақ.