Елордадағы кітапханада мектепке дейінгі балаларға арналған экосағат өтті

Елордадағы кітапханада мектепке дейінгі балаларға арналған экосағат өтті

Астанадағы №7 Балалар кітапханасында «Экология – табиғат жүрегі» атты ақпараттық сағат өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара мектепке дейінгі жастағы балаларға арналып ұйымдастырылды.

«Бүгінгі біздің қонақтарымыз – жеке балабақшаға баратын қыздар мен ұлдар. Олар тәрбиешілерімен бірге кітапханаға жиі барып, кітап оқуды үйренеді, сурет салады, ойын ойнайды. Ақпараттық сағат барысында балалар тақырыптық әдебиеттермен танысып, экологиялық тәртіп ережелері мен табиғи ресурстарды сақтау жолдары туралы білді.

Біздің мақсатымыз – оларға ерте жастан бастап экологиялық мәдениет пен табиғатқа ұқыпты қарау дағдысын қалыптастыру», – деді №7 Балалар кітапханасының қызметкері Кенжегүл Әбдікәрімова.

08.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25700
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25155
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42577
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38419
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42953