Елянұр Тұрғанова – алтын медаль иегері

Елянұр Тұрғанова – алтын медаль иегері

Черногорияның Будва қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Кеше қазақтың қыз-жігіттері 3 бірдей алтын жүлде жеңіп алып, отандық бокс тарихын жаңғыртқан болатын. Атап айтқанда, Төрехан Сабырхан, Санжарәлі Бегалиев және Аружан Зейноллаева алтынға қол созды. Бүгін осы жеңіс жолын 50 келідегі Елянұр Тұрғанова жалғады. Ол финалда ирланиялық боксшыны жеңіп, қоржынымызға төртінші алтынды салды. Бұған дейінгі ең жоғарғы көрсеткішіміз 2 алтын болатын. Оны ұлттық құрама өкілдері 2018 жылы Будапештте өткен әлемдік аламанда тіркеді. Ал Будва қаласындағы дүниежүзілік додада 4 бірдей спортшымыз чемпион атанып, рекорд жасап отыр. Бұл көрсеткіш әлі де артуы мүмкін. Өйткені қазір шаршы алаңға 66 келідегі Ұлдана Таубай, 51 келідегі  Бексұлтан Боранбек және 71 келідегі Өнер Сейілхан шығып, финалдық айқастарын өткізеді.

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
08.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540