ЕМХАНАЛАРДАҒЫ КЕЗЕК МӘСЕЛЕСІ ӘЛІ ДЕ ӨЗЕКТІ

ЕМХАНАЛАРДАҒЫ КЕЗЕК МӘСЕЛЕСІ ӘЛІ ДЕ ӨЗЕКТІ
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков шаһардағы бірқатар емханаларды аралап, жұмысымен танысты. Әуелі қала әкімі №9 қалалық емханаға ат басын бұрды. Аталған мекеме бүгінгі күні 33 497 тұрғынға қызмет көрсетуде. Оның 12 987-сі – балалар. Емхана меңгерушісі Гүлжахан Рәпілбекованың айтуынша, нысан 93 пайызға медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандырылған. Сондай-ақ бір ауысымда 500-ге жуық адамды қабылдауға қауқарлы.
🔹Қала әкімі емханадағы кезек мәселесін ретке келтіру керектігін баса айтты.
– Мемлекет тарапынан денсаулық сақтау саласына айрықша мән берілуде. Бұл тұрғыда емханаларға зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Қазіргі таңда емдеу мекемелеріндегі ең басты проблема – кезек күту. Тұрғындар да кезектің тым ұзаққа созылуына жиі шағымданады.
Бұл ең әуелі емхананың беделіне нұқсан келтіріп, тұрғындар сенімі азаяды. Сондықтан қағазбастылық, келушілердің кезекте ұзақ бөгелуі сынды өзекті мәселелерді ретке келтіруіміз қажет, – деген Бақытжан Әмірбекұлы емхананың емдеу бөлмелерін аралап, тұрғындармен тілдесті.
🔹Қазіргі таңда емханада алғашқы санитарлық медициналық, дәрігерге дейінгі, кәсіби дәрігерлік, арнайы мамандандырылған медициналық, консультативті диагностикалық кеңес, оңалту, күндізгі стационар, 4 санатты шұғыл медициналық, әлеуметтік-психологиялық көмек, акушерлі-гинекологиялық көмек бойынша тұрғындарға ұдайы қызмет көрсетілуде.
🔹Келесі кезекте қала әкімі «Almaz Medical Group» медициналық орталығына аялдады. Орталық бүгінгі күні 40 345 ересек, 28 716 бала – жалпы саны 69 061 тұрғынға қызмет көрсетіп отыр. Емхана келушілері алғашқы медициналық-санитарлық, консультативті диагностикалық кеңес, стационарлық көмек түрлерімен қамтамасыз етілген. Ауысымына 1200-ден астам адамды қабылдайтын орталықта заманауи медициналық құрылғылармен толығымен қамтамасыз етілген. Дегенмен, мұнда екпе егу жұмыстары тым баяу жүруде.
– Бұл орталық екпе салу бойынша қаладағы ең төмен көрсеткішті көрсетіп отыр. Демек, бұл тұрғындарға түсіндіру жұмыстарының дұрыс жүргізілмей жатқанын білдіреді. Екпе ең әуелі тұрғындардың өзінің денсаулығы үшін маңызды. Емхана қызметкерлері осыны әрбір келушіге жақсылап ұғындыруы қажет. Бұл мәселеде сылбырлық танытуға болмайды. Сонымен қатар әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеу бойынша да насихат жұмыстары үздіксіз жүргізілуге тиіс, – деген шаһар басшысы орталық ішін аралап, емделушілермен әңгімелесті.
Тараз қаласының әкімдігі
01.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 168
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 172
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 388
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 353
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 970

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9048
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8444
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11671
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9435
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10652