Энергетика вице-министрі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінің құрылысына дайындық барысын тексерді

Энергетика вице-министрі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінің құрылысына дайындық барысын тексерді

Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін салу жоспарланған учаскеге жұмыс сапарымен барды. Сапар мақсаты — энергетика саласындағы еліміздің ірі инфрақұрылымдық жобаларының бірі бойынша құрылыс кезеңіне дайындық барысын бақылау.

Сапар барысында вице-министр құрылыс-монтаж жұмыстарының кезеңдерімен танысып, мердігер ұйымдардың өкілдерімен жұмыс кеңесін өткізді. Сондай-ақ, олармен логистика, техникамен қамтамасыз ету және жергілікті атқарушы органдармен үйлестіру мәселелерін талқылады. Ерекше назар жұмыс кестесінің сақталуына, құрылыс сапасына және нысандардың техникалық дайындығына аударылды.

"Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының екінші желісін іске асыру — еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызға ие және отын-энергетика кешенінің орнықты дамуы саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты», — деп атап өтті ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов.

Жоба екі кезеңде жүзеге асырылады. Нәтижесінде газ құбырының өткізу қабілеті жылына 15 млрд текше метрге дейін артады. Бұл еліміздің оңтүстік, орталық және солтүстік өңірлерін тұрақты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, жоба Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Катар Мемлекеті Үкіметі арасындағы келісім аясында катарлық инвестормен бірлесіп жүзеге асырылатын болады. Катарлық инвесторға Қазақстан тарапынан және QazaqGaz компаниясы арқылы жобаны сәтті іске асыру үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

08.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6566
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6693
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21675
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20289
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23776