XI Baiqonyr Film Festival Аяна Нұрдинованың «Mūğalım» фильмімен ашылады

XI Baiqonyr Film Festival Аяна Нұрдинованың «Mūğalım» фильмімен ашылады

XI Baiqonyr Film Festival Аяна Нұрдинованың толықметражды режиссерлық дебюті – «Mūğalım» фильмімен ашылады. Көрсетілім 20 қыркүйекте Алматыда өтеді.

20 қыркүйекте «Mūğalım» Сан-Себастьян халықаралық кинофестивалінде көрсетіліп, әлемдік премьерасы өтеді. Сол күні фильм Алматыда XI Baiqonyr Film Festival-дің ашылу фильмі болады.

 

«Mūğalım» Балқаш қаласында тұратын музыка пәнінің мұғалімі Жандостың оқиғасын баяндайды. Ол үлкен қалаға көшуді армандайды. Оқушылары оны жақсы көреді, ал мектеп басшылығы оның қосымша жұмысына көз жұма қарайды. Туған жерін сағынған меценаттың қалаға келуі Жандосқа арманын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Алайда оның алдында маңызды таңдау тұрады: оның ішіндегі өнер маңызды ма, әлде өнердің ішіндегі өзі ме?

Фильмнің негізгі идеяларының бірі – көп айтыла бермейтін, бірақ айналасындағы адамдар мен ел өмірінде өзіндік орны бар жандардың тағдырына назар аудару. Авторлар бұл идеяны «шағын қалалардағы үлкен адамдар» деп сипаттайды.

Аяна Нұрдинованың айтуынша, ол бұл фильмді түсірерде туған қаласындағы мектеп пен оның мұғалімдерінен шабыттанған.

«Мен үшін негізгі шабыт көзі — туған қаламдағы мектеп пен оның мұғалімдері болды. Балалық шағым мен жастық шағым Талдықорғанда өтті. Сондықтан шағын қалалар мен онда тұратын адамдар тақырыбы мен үшін әрдайым қызық», — дейді режиссер.

«Mūğalım» – Аяна Нұрдинованың алғашқы толықметражды режиссерлік жұмысы. Ол 2017 жылы Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Режиссура» мамандығы бойынша тәмамдаған. Академиядан кейін кинода қоюшы-суретші болып жұмыс істеген.

Фильмнің түсірілімі 2025 жылғы маусым айында Балқаш қаласында өтіп, 20 күнге созылды. Дегенмен шығармашылық топ қалаға дайындық кезеңінен бастап бірнеше рет барған. 2023 жылдан бері режиссер, оператор мен продюсер Балқашқа шамамен алты рет арнайы сапар жасаған.

«Mūğalım» фильмінің әлемдік премьерасы 20 қыркүйекте Сан-Себастьян халықаралық кинофестивалінде өтеді. Бұл туынды – осы фестиваль тарихында әйел режиссер түсірген алғашқы қазақстандық фильм. Фестивальдік көрсетілімдерден кейін картина 2026 жылғы 8 қазаннан бастап Қазақстан кинотеатрларында кең прокатқа шығады.

Фильмнің продюсері – Аружан Досымқожа, қоюшы операторы – Айгүл Нұрболатова. Сценарий авторлары – Аяна Нұрдинова мен Яна Альжанова. Басты рөлдерді Олжас Дәлелхан, Рүстем Жаныаманов, Шынар Жанысбекова, Гүлнәр Дұсматова, Ольга Ландина, Бақытжан Әлпейіс, Мадина Есман, Анна Старченко және Акиф Петров сомдады.

Фильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ қолдауымен түсірілді.

Фестиваль дәстүрлі түрде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының қолдауымен өтеді.

08.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27499
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27007
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44338
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40096
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44675