Е.Қарашөкеев қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеудегі сылбыр жұмыстарды сынға алды

Е.Қарашөкеев қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеудегі сылбыр жұмыстарды сынға алды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен коммуналдық қалдықтарды басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараев өткен жылы облыс бойынша 56,5 мың тонна тұрмыстық қалдық жинақталып, 10,7 мың тонна қалдық бөлек сұрыпталғанын жеткізді. Оның ішінде кәдеге жарату үлесі 19 пайызды құрағанын жеткізді.

Өңірімізде коммуналдық меншіктегі 159 полигонның барлығының қоршаған ортаға арналған эмиссияға рұқсаты рәсімделген.

Жалпы, қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметтерімен айналысатын 32 (Таразда – 7) мекеме жұмыс жасауда. Олар 191 арнайы техникамен қамтылған.

Байзақ, Жуалы, Меркі, Сарысу, Талас, Т.Рысқұлов аудандарының  орталықтарында қалдықтарды жинау, тасымалдау және сұрыптау қызметтерімен айналысатын мекемелер полигондарда сұрыпталған қалдықтарды көршілес Алматы, Шымкент қалаларына, сондай-ақ, Ресей Федерациясына қайта өңдеуге жібереді.

Облыста қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеумен айналысатын шағын кәсіпорындар (цехтар) жұмыс істейді. Пластмасса, полиэтилен, электрондық аспаптар, мотор майлары, шыны және қағаз қалдықтарын сұрыптау немесе кәдеге жаратумен 14 мекеме айналысады.

Қазіргі таңда бірқатар шетелдік компания өкілдерімен қоқыс өңдеу зауытын салуға қатысты келіссөздер жүргізілуде.

792 контейнерлік алаңдарда қалдықтарды бөлек жинауға арналған үш түрлі контейнерлердің 6108 данасы орнатылған.

Басқосу барысында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау жүйесі дұрыс ұйымдастырылмаған Тараз қаласы мен бірқатар аудан әкімдерінен жауаптар алынды.

Ербол Қарашөкеев коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу бойынша сылбыр жұмыстарды сынға алды. Жауапты басқарма басшысына аудан әкімдіктерімен бірге бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеп, нақты мерзімді бекітуді тапсырды.

Сондай-ақ, бірқатар өзекті мәселелерді атап өткен облыс әкімі коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мен құрылыс қалдықтарын қайта өңдеуге арналған инфрақұрылым салу жөнінде арнайы жол картасын әзірлеуді жүктеді.

Бұдан бөлек, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және қайта өңдеу саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру, қоқыс өңдеу технопаркін салу жөніндегі инвестициялық жобаларды зерделеу жөніндегі қабылданған шараларды айрықша назарда ұстау тапсырылды.

Жамбыл облысы әкімдігі
02.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 349
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 198
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 494
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 338

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18251
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18111
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33301
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31852
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35568