Ербол Қарашөкеев күрес түрлерінен облыстық құраманың спортшыларын марапаттады

Ербол Қарашөкеев күрес түрлерінен облыстық құраманың спортшыларын марапаттады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев күрестен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем, сондай-ақ, грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жеңісімен құттықтады.

Тирана қаласында (Албания) өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігінде жамбылдық палуан Сұлтан Әсетұлы грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта үздік атанып, елімізге әлем чемпионатының ең алғашқы алтынын алып келді.

Сондай-ақ, осы жылдың 1-5 ақпан аралығында Астана қаласында ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ел чемпионаты өткен болатын. Аталған бәсекеде Жамбыл облысының спортшылары жалпы командалық есепте өзгелерден озық шықты. Облыс құрама командасы грек-рим күресінен — 1 алтын, 1 күміс,  1 қола медаль, еркін күрестен — 2 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль иеленді. Айта кетейік, Жамбыл облысы өткен жылы күрес түрлері бойынша Қазақстанның VI Жазғы Спартакиадасының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленген болатын.

Ел чемпионатының жеңімпаздары Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін бақ сынасатын болады. Сәуір айында Бішкек қаласында өтетін іріктеу турнирінде күрес түрінен лицензиялар сарапқа салынады.

Облыс әкімі спортшылар мен жаттықтырушыларды жеңісімен құттықтап, оларға алдағы жарыстарда сәттілік пен жеңіс тіледі.

Мұнан соң, спортшыларға ақшалай сертификаттар табыс етілді.

Кездесу барысында Жамбыл облысы бойынша күрес федерациясының президенті Әлімбек Жұмабаев пен спорт ардагері Ақан Бекназаров аталған спорт түрлерін одан әрі дамытуға қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Аймақ басшысы бірқатар мәселелер бойынша спорт басқармасына нақты тапсырмалар жүктеді.

Aqjol Aqparat
25.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 329
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 475
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 322
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 175

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18240
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18099
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33288
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31837
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35553