ЕРКЕКСІЗ ҚАЛҒАН АУЫЛ

ЕРКЕКСІЗ ҚАЛҒАН АУЫЛ

Ресейдің Камчаткасында Седанка деген қуықтай ғана ауыл бар екен. Жуырда әлеуметтік желіде орыс ақпарат құралдары сол Седанка туралы жарыса жазды. Мүлде еркек қалмапты. Түгел соғысқа аттанып кетіпті. 

Орыс ақпараты: «Алақандай Седанка еркектері түгел соғысқа кетіп, ауыл еркексіз қалды. Бұл жанқиярлық. Сол үшін Седанкаға «әскери даңқ ауылы» деген ат беру керек», – деп жамырасуда. 

Енді қараңыз: Жаңағы Седанкада ұзын-саны 457 адам тіркеулі екен. Нақты тұратындары 258 дейді. Соның 67-сі еркектер болған. Түгел соғысқа кетіпті. Камчаткадағы Седанка Ресейде еркексіз қалған алғашқы ауыл атанды дейді.

Факт: бұл ауылда негізінен коряктар мен ительмендер тұрады екен. 

Коряктардың Ресейдегі жалпы саны 8 мыңға жетпейді. Түгел дерлік орысша сөйлейді, яғни жойылып кеттіге жатқызуға әбден болады. Коряк тілінде сөйлейтіндердің саны бар-жоғы 1 мыңнан асса асады, әйтпесе ол да жоқ. Дені осы Камчаткада тұрады. 

Ительмендер тіпті аз. 2,5 мың. Олар да осы Камчаткада. Мезолит дәуірінен аң мен балықты қорек етіп, тірі келген бұл ительмендер қазіргі Ресейде ізім-ғайым жоғалды десек жаңылмаймыз.

Сөз басындағы Седанкаға қайтайық: Негізі бұл еркектері тұқым-тұяғымен құрыған алғашқы ауыл емес екені даусыз. Мұндай ауылдар көп. Бірақ, орыс ақпараты олар туралы айтпайды. 

Жалпы бұл соғысты сылтау етіп, Кремль Ресейдегі этникалық азшылық өкілдерін тазартып алуда. Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ, соғысқа әуелі түрлі этника өкілдері жіберілді. Аймақтардағы азшылық этностардың өкілдері мәжбүрлі кетті. Әсіресе, қапқаздықтар, татар, башқұрт, қазақ, саха-якут, тыва, қымық, чуваш, ингуш, мордва, бурят, қалмақ, қарашай, балқар, черкес, адыгей т.б. санай берсең көп. Дамуы тоқтаған, тіршілігі тұралаған, кедейшілік дендеген, болашағы өлген кей аймақтардың еркектері соғысқа айлық үшін, ақша үшін, нан жеу үшін, ауылдан шығу үшін аттанды һәм әлі күнге ажалға аттануда. Осылайша, Кремльдің Ресейді аз ұлттардан тазарту процесі сәтті жүріп жатыр...

Нұргелді ӘБДІҒАНИ

(фейсбук парақшасынан алынды)

 

04.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17382
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 17226
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32408
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30996
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 34648