Ерлікке тағзым – ұрпаққа мұра

Ерлікке   тағзым –   ұрпаққа мұра

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен 9-мамыр – жеңіс күні мерекесіне орай ҰОС ардагерлеріне арналған «Айбынды ардагерлер» атты көшпелі концерт ұйымдастырылды.Сый-сияпатқа толы «корзиналарын» да ұмытпаған жастар ардагерлерді үйлерінің ауласына барып, құттықтап, марштық әндер айтып, жылы лебізін білдірді. 

В честь Дня Победы в Нур-Султане состоялся концерт «Айбынды ардагерлер»

– Бұл – дәстүрлі шара. Биыл төртінші рет өткізіліп жатыр. Бұл идея ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында туындаған болатын. Ардагерлеріміздің ауласына, үйіне кіріп те концерт қою – ерекше іс-шаралардың бірі. Сол сияқты шағын әскери-патриоттық парад сол кісілердің ауласында өткізіледі. Қазір елордада 18 қарт жауынгер бар. Барлығы да айрықша құрметке лайық. Жыл сайын бізді асыға күтеді. Ардагерлеріміздің ең жасы 92-де, үлкені 99-ға келіп жатыр. Арасында төсек тартып қалғандары да бар. Өкіншітісі сол, жыл өткен сайын майдан көрген қариялар қатары сиреп барады. Осындай форматтағы концерт арқылы олардың ерлігі мен рухына бас иіп, барынша құрмет көрсеткіміз келеді,- дейді Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ақұлан Тастемір. Ал ақсақалдар жастарға ризашылығын білдіріп, батасын беріп жатыр. – Жастарда бірлік болсын. Бірлік бар жерде тірлік бар. Қазір ойланып қарасам, жеңіске жету үшін талай тағдыр қыршыннан қиылды. Бірақ, біз, еш мойымай, тек алға ұмтылдық және жеңіске жеттік. Көңіл бөліп келіп, құрмет жасаған¬дарыңызға рахмет. Осы балапандарым оқып, елдің алдына шығып, еліміз қадірлі ел болсын. Әмин. Рахмет!, -деді соғыс ардагері Жүсіпбек Кәрімов.

Қаланың әр жеріндегі мекен-жайларды аралап, концерт қойған экскурсиялық автобус нағыз көшпелі сахнаға айналды. Жалынды жастардан құралған арнайы топ Көктал шағын ауданындағы «Шарапат» қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне де атбасын бұрды. Мұнда да «Ерлікке тағзым – ұрпаққа мұра» қағидасымен қарт майдангерге ерекше құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады. – Бүгінгі репертуарымызды ардагерлерімізге арнайы түрде дайындадық. Соғыс жылдарындағы әндер, әрбір ардегердің жүрек түкпірінен орын алған – жеңіс күніне арналған музыкалар қойылды. Олар қарша борап тұрған оқтың астында бүгінгі біздің бейбіт заманда өмір сүруіміз үшін қан кешті. Оларға құрмет ретінде шағын концерт қойдық, -деді Е.Рахмадиев атындағы филармонияның үрмелі аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі Никита Почиталин. 

Қан майданда толарсақтан қан кешкен аталар рухына тағзым етіп, құрмет көрсету әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Ерлік ұмытылмайды. 

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
14.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 148
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 146
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 658
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 778
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 691
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 702

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8841
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8238
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11465
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9222
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10449