ЕРЛІКПЕН ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР

ЕРЛІКПЕН ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР

 

Бүгін Шымкентте 1995 жылғы 7 сәуірде Тәжік-Ауған шекарасында қаза тапқан ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің 17 жауынгерін еске алуға арналған ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының Кубогы үшін жекпе-жек ұрыстан Ұлттық ұланның жеке-командалық чемпионаты басталды.

7 сәуір Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында ресми түрде еске алу және батылдық күні болып саналады. Бұл күні ұландықтар Тәжік-Ауған шекарасында қаза тапқан Ішкі әскерлердің 17 жауынгерін еске алады. 

Осыдан 28 жыл бұрын 7 сәуір күні Пшихарв шатқалында Қазақстан Ішкі әскерінің жетінші құрама ротасы содырлардың тұтқиылдан жасаған шабуылынан от пен оқтың құрсауына түсіп қалады. Жаудың күші басым болған ұрыста 17 әскери қызметші оққа ұшып, 33-і жараланған еді.     Ауған жағынан шабуыл жасаған содырлар бір сағаттың ішінде Тәжікстан аумағына өтіп кетуді жоспарлаған болатын.

Ел Президентінің Жарлығымен ТМД-ның сыртқы шекараларын күзету жөніндегі әскери борышын орындау кезінде көрсеткен көзсіз ерлігі мен жанқиярлығы үшін 5 сарбаз  ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, 12 сарбаз «Жауынгерлік ерігі үшін» медалімен қаза тапқаннан кейін марапатталды. Ұрысқа қатысқан 50 әскери қызметші (17 қаза тапқан және 33 жараланған) Ресей Федерациясының бірінші дәрежелі «Әскери қызметтегі үздігі үшін» медалімен және «Жауынгерлік ерігі үшін» медалімен  марапатталды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысына сәйкес 1993-1999 жылдары ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің жедел мақсаттағы бөлімдерінен екі мыңнан астам сарбаз бен офицер Қазақстан Республикасының жекелеген құрамалы батальонының құрамында Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД-ның сыртқы шекараларын күзету жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындады.

Сайыс басталмас бұрын 1995 жылы 7 сәуірде қаза тапқан ішкі әскерлердің 17 жауынгерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, қаруластарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалғаннан кейін Қажымұқан атындағыОрталық стадионда жарыстың ашылғаны жарияланды.

 Салтанатты ашылу рәсімінде құттықтау сөзімен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының кеңесшісі генерал-майор Альберт МаткаримовШымкент қаласының әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, жарыстың бас төрешісі, полковник Сәтжан Әбішев,6506 әскери бөлімінің ардагері, запастағы подполковник Арман Ахашевтарбарша спортшыларға сәттілік, төзімділік пен шыдамдылық, ең бастысы адал жеңістер тіледі.

Генерал-майор Альберт Маткаримов өз сөзінде қаза болған жауынгерлерді есімімен еске алып, олардың өз өмірлерін қиып, Отан мүддесін қорғағанын, ал олардың ерлігі мен қаһармандығы өскелең ұрпақ үшін қашанда отаншылдық пен ерліктің үлгісі болып қала бермек,-деді.

– Жекпе-жек өнері – жай спорт түрі емес, спортшылардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілік, жақындарына қамқорлық, шындық үшін күресу сезімін оятуға бағытталған тұтас философия. Қоян-қолтық ұрыс – Қазақстан аумағындағы жекпе-жек өнерінің ең көне түрі ғана емес, рухы жағынан бізге ең жақын түрі.Барлығына ымырасыз, әділ жекпе-жек тілеймін», - деді запастағы подполковник Арман Ахашев.

Балуандар 57, 62, 67, 73, 80, 88, 97 келіге дейінгі 7 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Сайысқа «Оңтүстік», «Орталық», «Батыс», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының, Ұлттық ұлан академиясының, 6654 пен 5573 әскери бөлімінің құрама командаларықатысуда.

Жарысқа қатысушы спортшылар өте мықты. Мәселен, ақтаулық Мансур Мимбулатов бетке ұстарспортшылардың алдыңғы қатарында. Ол спорт шебері, әлем чемпионы. «Оңтүстік » өңірліқ қолбасшылығы, Ұлттық ұлан академиясы мен елордалық 5573 әскери бөлімнің  споршыларының құрамында Азия, Казақстан чемпионатының  жүлдегелері бар, олар жиі жеңіске жетеді, - деді полковник Сәтжан Әбішев.Одан басқа «Батыс» өңірліқ қолбасшылығының командасында да өте мықты жігіттері бар. Олар құқық қорғау органдары арасында өткен Қазақстан, Азия чемпионаттарында дүбірлі додаларда бірнеше рет қатысып жүлделі орындарға ие болған .

Жеңімпаздар командалық орындар мен жеке біріншілікте анықталады. Жеңімпаз командалар Қазақстан Республикасының Кубогы мен  диплом, грамоталарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының атынан бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Еске салайық, ҚР Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің 17 жауынгерін еске алуға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының кубогы үшін жекпе-жек ұрыстанқоян-қолтық ұрыс турнирі 2023 жылдың 7 сәуірі мен 9 сәуірі аралығында Қажымұқан  атындағы Орталық стадионда өтеді. 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
07.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 77
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 73
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 78
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 52
Экологиялық акция жалғасып келеді
«Aq jol» газетінің тілшілер тобы - 05.05.2024 29

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1300
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7343
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11209
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7398
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7551