Ертісбаев жаңа Конституция қабылдауды ұсынды

Ертісбаев жаңа Конституция қабылдауды ұсынды

«ҚСЗИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» сарапта- малық алаңының ашылуында Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев: «Әр затты өз атымен атайтын болсақ, менің ой- ымша, әрине, Президенттің Жолдауы жаңа Кон- ституцияны қабылдауды талап етеді. Өйткені, жаңа Конституциясыз жаңа Қазақстанды құру мүмкін емес деген пікірдемін. Бұл жерде Пар- ламент туралы жаңа Конституциялық заңның қабылдануы да әбден мүмкін. Парламент үшін

күресуден бұрын, парламентаризм туралы, еліміздегі парламентариз- мнің перспективалары туралы айтудан бұрын осы институтты одан әрі дамыту үшін жағдай жасау қажет. Біз барлық саяси партияларға 50-50 пайызға дейінгі арақатынасты қолдауды талап етеміз және сұраймыз, осы шешім әділ болады. Өйткені, елде үстем партияның құрылуы тұтас саяси бәсекелестікті жойды. Әсіресе Тәуелсіздігіміздің үшінші онжыл- дығына күшті доминантты партия құрылған жүйеге келдік. 2007 жылға дейін біздің елде саяси демократия деңгейі айтарлықтай жоғары бол- ды – бәсекелестік те, саяси күрес те, оппозиция да бар еді. Мен мұны бірнеше рет айтқан болатынмын. Бірақ, төрт партияның бірігуі және ең мықты авангардтық, үстем партияның құрылуы елдегі саяси бәсекені өлтірді. Мемлекет басшысы өз Жолдауында нақты жоспар белгіледі. Президент саяси партияға кірмейді, әкімдер де биліктің атқарушы-бөлу тармағын партиялық билікпен байланыстырмау үшін саяси қызметінен бас тартуда, тағы да қайталаймын, бұлар саяси демократияның ешқан- дай дамуына жол бермейді», – деді.

Ермек САХАРИЕВ
07.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 169
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 180
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 454
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 269

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18359
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18223
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33407
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31961
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35722