Есірткіге жол жоқ!

Есірткіге жол жоқ!

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы «Астана жастары» ЖРО 2020 жылдан бастап «Esirtkige jol joq» жобасын жүзеге асырып келеді. Бұл жобаның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттауға негізделген. Сонымен қатар жастар арасында есірткі және психологиялық активті заттарды теріс пайдаланумен күресу.

Қазіргі уақытта «Астана жастары» ЖРО елордадағы 16 жоғары оқу орнымен бірлесіп, студенттер арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірледі. Жоспар 90 тармақтан тұрады. Онда кураторлық сағаттар, семинарлар, кездесулер, спорттық шаралар, марафондар, дөңгелек үстелдер, акциялар ұйымдастыру қарастырылған. Жоспар аясында ЖОО-да студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттермен күресу мақсатында профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. 

Биыл «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында 150-ден астам адамды қамтыған «Esirtkige jol joq» жобасының ашылуы және «дейін және кейін» форматындағы фотокөрме өтті. Сонымен қатар «NS 35»   жобасының 10 волонтерімен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, психологиялық активті заттарға қарсы іс-қимыл бойынша 500-ден астам буклеттер таратылды. «Esirtkige jol joq»» жобасы полиция департаменті және «Есірткісіз ұлт» нашақорлықтың алдын алу қауымдастығымен бірге, сондай-ақ студенттер, жастар және қала тұрғындары көп жиналатын жерлерде еріктілермен бірлесіп кинология орталығына бару сияқты бірқатар іс-шаралар өткізді. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласындағы ПД «Есірткіге қарсы күрес» басқармасы және Жергілікті полиция басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен осы жоба аясында психологиялық активті заттарға қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық буклеттер тарату жұмыстарын ұйымдастырды.

Есірткісіз қала үшін биыл Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен «Астана Жастары» ЖРО еріктілері Халықаралық нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күрес күніне арналған айлықтың ресми ашылуына қатысты. Халықаралық нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күрес күні жыл сайын 26 маусымда атап өтіледі. Сонымен қатар елорданың базарларында «Астана жастары» ЖРО еріктілері нашақорлықтың алдын алу шаралары бойынша ақпараттық буклеттер тарату жұмыстарын жүргізді. Үздіксіз үгіт-насихат жұмыстары нәтижесінде жоба аясында 26 маусымда Instagram желісінде Нұр-Сұлтан жастары арасында бейнероликтер байқауы басталды. Ал 6 шілдеде БАҚ журналистері арасында 5 номинация бойынша нашақорлыққа қарсы насихат жұмыстарын бағалау бағытында байқау басталды: Instagram платформасында «Үздік бейнесюжет», «Үздік баспа БАҚ сюжеті», «Үздік телерепортаж», «Үздік онлайн сюжет», «Үздік радиосюжет» номинациясы бойынша жарияланған байқау қыркүйек айына дейін жалғасады.

Сонымен қатар ағымдағы жылы «ForJastar» коворкинг орталығында «Ренессанс» наркологиялық бірлестігінің нашақор адамдарға арналған «7Н» бағдарламасының сертификатталған маманы Александр Русчуктың қатысуымен семинар-тренинг ұйымдастырылды. Елорда жастарының нашақорлыққа қарсы насихат жұмыстары әлі де жалғасатын болады. Белсенді жастардың негізгі мақсаты өз замандастарын жаман әдеттен аулақ болуға шақырумен қатар, жарқын болашақтың іргетасын бірге қалауға, оқу-білім мен адал еңбекті насихаттауға бағытталған.

 

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
28.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 66
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 176
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 397
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 360
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 977

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9050
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8446
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11674
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9437
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10654