Есірткімен күрес – салауатты ұрпақ үшін

Есірткімен күрес –  салауатты ұрпақ үшін

Ғасыр дертіне айналған есірткі және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты өткір мәселелердің бірі болып отыр. Соңғы он жылда елімізде нашақорлар саны артып, оның ішінде жастар арасындағы есірткіге құмарлар қатары 13-14 есе өскен. Әсіресе есірткі пайдаланушылардың қатары күннен-күнге «жасарып» келе жатқандығы қорқынышты. Талай жеткіншек нашақорлық салдарынан қауіпті кеселдің құрбанына айналып жатыр. 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр құқық қорғау органдарына азаматтар арасында, әсіресе жастар арасында есірткінің таралуына тосқауыл қою туралы тапсырма берген болатын. Осы орайда «Жастар отанға» атты жол картасы аясында нашақорлық және есірткіге тәуелділер арасында жастардың үлесін 9%-ға төмендету бойынша республикалық орташа көрсеткіш белгіленген-ді. Алайда Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, 2020 жылы есепте тұрғандардың 30%-ы жастар екенін анықталған. Яғни, құқық қорғау органдары алдында жастар арасында асқынған нашақорлық дертін 30%-дан 9%-ға жеткізу міндеті тұр. Ресми дерек бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылы 15 пен 20 жас аралығындағы есірткіге тәуелділердің саны 6 238 адамға жеткен. Қалада алдыңғы жылдармен салыстырғанда есірткіге тәуелділердің санының артуы байқалады, 2019 жылы – 6 156 адам болса, 2018 жылы – 5989 адам есепте болған. Сондай-ақ 2022 жылдың 4 айы ішінде елорда полицейлері 60 келіден астам түрлі есірткі заттарын, оның ішінде 5 келіге жуық «синтетикалық» есірткі тәркілеген. 

Есірткіге тәуелділер қатарының күннен күнге артуы, әрі оның жастар арасында етек жаюы мамандарды алаңдатып отыр. Алдын алу шаралары мен есірткімен тікелей күрес шараларының жүйелі жүргізілуіне қарамастан, нашақорлар санының артуы негізінен синтетикалық есірткінің таралуымен байланысты дейді мамандар. Қазір синтетикалық есірткі – арзан әрі әлемде ең кең таралған психотропты заттардың бірінен саналады. Мұның әсіресе жастар арасында таралуы жаһандық проблемаға айналып отыр. Ақпараттық технологиялардың дамыған заманында есірткі заттарын дайындау, тарату, саудалау, насихаттаудың жолдары барынша кеңейіп жатыр. 

2020 жылы елімізде есірткі мен нашақорлықты насихаттайтын сайттарды жабу туралы заң шықты. Яғни Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап есірткіні насихаттайтын және сататын интернет сайттардың сілтемесін таратуға байланысты қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізді. Қылмыстық кодекске жаңа 299-1-бап енгізілді. Ол бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Осы қылмыс топпен, бірнеше рет, білім беру ұйымдарында немесе адам көп жиналатын орында, бұқаралық ақпарат құралын немесе электрондық ақпарат ресурсын пайдаланып, қызметтік жағдайын пайдаланып жасалса, 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленді.

Соңғы жылдары синтетикалық есірткілер мен оларды өндіруге арналған құрамдас бөліктерінің шекаралас мемлекеттерден жеткізілетіндігін ескере отырып, шетелдік әріптестермен ынтымақтаса, оның жолын кесу амалдары қолға алынды. Осылайша 2022 жылдың үш айында қазақстандық полицейлер осындай өзара іс-қимыл шеңберінде шетелдің есірткіге қарсы құрылымдарынан ақпарат алғаннан кейін қылмыс жасау барысында 9 адамды ұстаған. Ресми ақпаратқа сәйкес заңсыз айналымнан сегіз келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында ішкі істер органдары барлығы 695 есірткі қылмысын, оның ішінде аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтаудың 133 фактісін, контрабанданың 30 фактісін, притон ұстаудың бес фактісін анықтады. Заңсыз айналымнан тоннаға жуық есірткі тәркіленді. Оның ішінде 900 грамға жуық героин, 42 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Нұр-Сұлтан қаласы және Атырау облысы аумағында есірткі сатумен айналысқан екі ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында сегіз есірткі зертханасы жойылды.

 

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
21.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 147
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 143
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 657
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 777
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 690
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 700

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8839
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8237
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11464
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9221
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10448